Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан кітапханашылары жеңіс тұғырында

Аудан кітапханашылары жеңіс тұғырында

Әр адам баласының қол жеткізген ұлы асыл қасиеттерінің бірі – білім қазынасы болып саналады. Ғабит Мүсірепов атамыз: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», - дегендей, кітапты жай ғана оқып ғана қоймай, оны түсініп, талғап оқи білу қажет. Білімнің басты қазынасына айналған осы кітап жайында алдыңғы аға буынның да айтар пікірі жоғары. Ал қазіргі жас буынды кітап оқуға баулуда кітіпхана қызметін айрықша атап өтуге болады. Бүгінде билік тарапынан да осы мәселеге лайықты деңгейде қолдау көрсетіліп келеді. Оған дәлел ретінде ауданға қарасты әр ауылда жұмыс ітеп тұрған кітапханалар бар. Міне солардың жұмысын жүйелендіріп, қызмткерлерін ынталандыруда қолға алынып жатқан бастамалар да жоқ емес. Жетістіктер де жетерлік. Айталық, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жыл кітабын бірге оқимыз!» атты облыс кітапханашылары арасында екінші мәрте онлайн байқау ұйымдастырған болатын.
Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов бірқатар кітапхана саласының үздіктерін қабылдап, облыстық байқауда оза шауып, көзге түскен жеңімпаздарды марапаттады.
Байқауға «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған шығармалар қатарынан жергілікті жазушы Т.Нұрмағанбетовтің «Періштелердің өлімі» романын талқылау ұсынылды. Кітапханашылардың кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған байқауға облыс бойынша аудан, қала, ауылдық кітапханалардан 55 кітапханашы қатысып, өз білімдерін ортаға салып, біліктіліктерін шыңдады.
Байқау нәтижесінде әділ қазылардың шешімімен 1 дәрежелі дипломды Қосжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы иеленсе, 3 дәрежелі дипломмен Аудандық орталық кітапхананың әдіскері Нысанжанова Таңшолпан марапатталып, аудан мерейін асырды.
Айта кетейік, аудан бойынша жалпы 15 кітапханашы байқауға өз жұмыстарын ұсынып, арнайы Алғыс хаттармен жүлделенді.
«Толқын» ақпарат
07 қараша 2021 ж. 424 0