Тағылымды шара
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассосациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы өткізіліп келеді.
Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» 2020 республикалық акциясы аясында облыс кітапханашылары арасында «Жыл кітабын бірге оқимыз» атты онлайн-байқауы өткізілген болатын.
Аталмыш шараның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау арқылы өскелен ұрпақты қазақ елінің әдеби мұрасын зерттеуге, оқып-білуге деген қызығушылығын арттыру, сөз байлығымыздан нәр алып, сусындап отырған оқырмандардың ұлттық рухани дамуына ықпал ету.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында өткізілген байқауға Ә.Әлімжановтің «Ұстаздың оралуы» шығармасын талқылау ұсынылды. Бұл бәйгеге аудандық, қалалық және ауылдық кітапхана қызметкерлері белсенділік танытып, Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Шалманова Гүлнұр Маратқызы ІІ орынды иеленсе, қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Өтегенова Мейрамкүл Махамбетжанқызы арнайы алғыс хатпен марапатталды.