Ұлт рухын ұлықтаған тағылымды кездесу
2026 жылғы 30 қазан күні Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінде қазақ тарихындағы орны ерекше тарихи тұлға Сартай батыр Байжанұлының туғанына 315 жыл толуына орай «Тарих тағылымы – ұрпаққа аманат» атты тағылымды кездесу кеші болып өтті.Кездесудің мақсаты – Сартай батырдың тарихи тұлғасын ұлықтау, қазақ тарихының тереңіне үңілу, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Тағылымды шараның құрметті қонақтары:
- Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы– тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі;
- Өтениязов Самат Көшенұлы– тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, Мадрид университетінің профессоры.
Кездесу кешін Сәкен Бүркітұлы жүргізіп, мазмұнды шараның жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болды. Қос ғалым қазақ тарихының маңызды мәселелеріне тоқталып, тарихи тұлғалардың ел тарихындағы орны, тарих ғылымындағы зерттеулер мен ұлттық мұраны зерделеудің маңызы жөнінде тағылымды ойларын ортаға салды.
Кездесуге ауданның 11 мектебінен 5 тарих пәні мұғалімі және әр мектептен 7 оқушыдан қатысып, жалпы саны 130-ға жуық ұстаз бен оқушы бас қосты. Оқушылар ғалымдарға көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Осындай тағылымды жүздесу тарих пен бүгінді сабақтастырып, ғылым мен білімді ұштастырған маңызды шара болды. Белгілі ғалымдардың өнегелі әңгімесі мен тарихи ой-толғамдары жас ұрпақтың бойында туған жер тарихына деген құрметті арттырып, ізденіске жетеледі.
"Толқын" ақпарат











