Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақы тәрбие қайнары

Қазақы тәрбие қайнары

«Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем»,–деп басталатын Мұқағали Мақатаев атамыздың осы өлеңі мағынасы зор болғанымен, қазір мәнін жоғалтып бара жатқандай. Ақын айтып кеткен әже бейнесінің қазіргі қоғамда орны қалды ма? Замандастарымыз үлкендерді қаншалықты сыйлайды? Байырғы ақ кимешектің қазіргі сипаты қандай болып барады? “
...Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса...
Нені көрем???”– демекші, ақ шашты әжелерімізден ақын айтып кеткен сипатты көре алмайтынымыз өкінішті-ақ. Қазіргі тырнақша ішіндегі «заманауи әжені» сипаттайтын болсақ, немерелеріне салтдәстүр, аңыз әңгімелерді айтып отырмақ түгілі, ертегі де айтпайды. Ақ шашы бір күні сарыға, бір күні қызылға боялған үлкен кісіні көргенде, жап-жас қыз ба деп қаларсыз.
Жаудан да қорықпаған қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы бабамыз: «Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі – бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбеюінен, үшіншіден – салтдәстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын», –деген екен. Міне, осы аталған бала бойына сіңуі тиіс үш қасиет те маңызды. Бұрынғы қазақтың салт-дәстүрі, тарихы, ұлттық киімдері–барлығы ұмытылып бара жатқандай. Кейбір жастарымыздың тарих былай тұрсын, жеті атасын білмейтіндері де жетерлік. Бұрын қарттар үйі деген атауымен жоқ еді. Замандастарымыздың саналары уланғаны сонша, ата-әжесінен зерігіп, қарттар үйін толтыруға көмектесіп жүр. Ауыл топырағында аунап, кең далада құшақ жайған бала ата-әже тәрбиесін алары сөзсіз. Ауыл балаларының ата-әжесінен көрген асыл мұраларын алып өскені абзал.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов атамыз: “Ел болам десең, бесігіңді түзе”,– деген екен. Ал сол тәрбиемізді түзейтін әжелеріміз әулеттің көшін түзейтін жан болуы қажет. Қандай жағдай, қандай заман болмасын, әже тәрбиесін алып, білгенін бойға сіңіріп өскен жөн.
Айсәуле Нұрланова,
ҚМУ-дың 3-курс студенті
10 маусым 2019 ж. 2 190 0