Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие"

"Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие"

Еліміздегі өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін пайда болған жоқ. Ол талай жылдан бері көтеріліп келеді. Бірақ, Елбасының сынынан кейін бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ммлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге қалдыруға тура келгендігін атап өтті. Бұған өзін өзі жұмыспен қамтушылар мен бейресми түрде жұмыс істейтін азаматтарды ел экономикасына тарту мәселесі себеп болған.Осы арада "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кімдер және олардың саны қанша?", "Олардың ел экономикасына тарту үшін не істеу керек?" деген заңды сұрақтар туындайды. Осы және өзге де сұрақтар жауап алу үшін біз "БЖЗҚ" АҚ Қазалы аудандық қызмет көрсету орталығының бастығы Ринат Аяпбергеновпен әңгімелескен едік.
– Ринат Алмасұлы, жалпы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар кімдер?
– Ең алдымен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы анықтаманы зерделеп алайық. Халықаралық тәжірибелерге сүйенер болсақ, «өз бетінше жұмыспен қамтылу» дегеніміз – бұл жеке адамның жұмыс берушіге емес, өзіне жұмыс істеуі. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам – бұл әр түрлі бизнес саласында табыс табу үшін жұмыс істейтін және өз ісін өзі басқаратын адам.
Тағы бір анықтамада «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы – бұл табыс табу үшін тауарлар мен қызметтерді өндірумен (сатумен) дербес айналысатын жеке тұлға, өндірістік кооператив мүшелерінің, сондай-ақ отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) және жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілердің ақы төленбейтін жұмыскерлерінің бірі деп айтылады.
Бүгінде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды екі үлкен топқа жіктеуге болады. Олар: жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлер және жалдамалы еңбекті пайдаланатын жеке кәсіпкерлер. Бірінші топқа өзі үшін жұмыс істейтін адамдар, фрилансерлер, уақытша мердігерлік шарты бойынша жұмыспен қамтылған адамдар, жұмысқа орналастыру бойынша агенттіктердің мердігерлері және маусымдық жұмыскерлер жатады.Ал екінші топқа шағын және орта бизнес субъектілерінің, сондай-ақ микрофирмалардың иелерін, фирмалардың кәсіби тұрғыда қызмет көрсететін серіктестерін жатқызуға болады.
Егер бір шағын фирмада немесе шағын және орта бизнес субъектісінде жұмыс істейтін болсаңыз, еңбек шартын жасасуға ұмтылыңыз. Біріншіден еңбек шартын жасасу – бұл тұрақты түрде жалақы алып тұрудың, тиісті еңбек жағдайларын сақтаудың, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың дер кезінде төленуінің кепілі.
Екіншіден, бұл еңбек өтілі мен жұмыскердің біліктілігін растаудың айқын жолы.
Егер жұмыскердің пайдасына зейнетақы жарналары төленбейтін болса, онда ол зейнеткерлік жасқа толғанда зейнетақы жинақтары жоқ болғандықтан Қордан зейнетақы төлемдерін ала алмайды. Өкінішке қарай, кейбір отандастарымыз еңбек құқығы және әлеуметтік кепілдіктер туралы біле бермейді. Ниеті бұзық жұмыс берушілер мұны өз пайдасына пайдаланады.
– Егер жұмыс беруші зейнетақы аударымдарын жасамаса не істеу керек?
– Әрбір жұмыскер жұмыс берушіден бұл жарналарды Қорға қаншалықты толық көлемде және уақытылы аударып отырғандығы туралы мәлімет беруін талап етуге құқылы. Егер жұмыс беруші зейнетақы жарналарын уақытылы және толық көлемде аудармайтын болса, жұмыскер салық органдарына шағымдануға болады. Жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын уақытылы және толық көлемде аударып отыруын
қадағалап отыру жауапкершілігі осы салық органдарына жүктелген. Дейтұрғанмен, бұл мәселе бойынша еңбек инспекторына жүгінуге болады. Өз кезегінде еңбек инспекторы жұмыс берушіге келіп, оған ықпал ету шарасын қолдана алады.
– Оларды ел экономикасына тарту үшін істеу керек?
– Азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту – маңызды және стратегиялық мемлекеттік міндет. Өткен жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізген жұмыстардың нәтижесінде 560 мың жалдамалы жұмыскер өздерінің жұмыс берушілерімен еңбек шартын жасасқан. Одан басқа, шамамен 1 млн адам өздерінің жалдамалы жұмыскер екендіктерін мәлімдеген. Бірақ, олар өкінішке қарай зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды жасамаған.
2018 жылдың 1 шілдесіне қарай БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,19 млн бірлікті құрады. Бұл ретте тек 5,9 млн шотқа жарналар ең болмағанда жылына бір-ақ рет түседі. Ал бұл санның тек үштен біріне ғана зейнетақы жарналары жылына 9 реттен 12 ретке дейін түсетіндігін атап өткен жөн.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санының артып кетуі көлеңкелі экономиканың деңгейі жоғарлауы – 27% (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті), бейресми жұмыстардың болуы, табыстарды жасыру, өзін-өзі қамтушы азаматтардың әлеуметтік қорғансыздығы сияқты мәселелерді тудырады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі ауқымды әлеуметтік сипатқа ие және Қазақстан экономикасының құрылымына тікелей байланысты. Қазіргі уақытта әр түрлі қиын жағдайға тап болған адамдар үшін пайдалануға болатын бірқатар мүмкіндіктер қарастырылған. Олар: әлеуметтік жұмыс орны; кәсіптік оқыту; жастар тәжірибесі; қоғамдық жұмыстар; кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету; ауылдар мен қалаларда азаматтарға шағын несиелер беруге кепілдік беру.
Бүгінде елімізде үш деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. 2040 жылдан кейін зейнеткерлікке шығатын қазақстандықтар ортақ зейнетақы төлемдерін алмайтын болады. Олар базалық зейнетақыға және Қордағы зейнетақы жинақтарына ғана үміт арта алады. Бұл ретте жалпы еңбек өтілі 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.
Қалай болғанда да жинақтаушы зейнетақы жүйесіне, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу – заман талабы.
– Әңгімеңізге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз.
Әңгімелескен
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
****-
Проблема самозанятых людей в стране появилась не сегодня. Эта проблема актуальна уже много лет. А после выступления президента этот вопрос широко обсуждался в средствах массовой информации. На расширенном заседании правительства глава государства отметил, что система обязательного социального медицинского страхования должна быть отложена. Причиной этого стало участие самозанятых и неформально работающих граждан в экономике страны.
В то же время появляются естественные вопросы - «Кто является самозанятымы гражданами и каково их количество?», «Что делать, чтобы привлечь их в экономику страны?» Чтобы ответить на эти и другие вопросы, мы поговорили с Ринатом Аяпбергеновым, начальником Казалинского районного центра обслуживания «ЕНПФ».
– Ринат Алмасович, кто такие самозанятые граждане?
– Прежде всего, давайте посмотрим на само понятие самозанятых граждан. Согласно международному опыту, «самозанятость» означает, что человек не работает для работодателя, а для себя. Самозанятый человек – это человек, который работает, чтобы зарабатывать на жизнь в самых разных сферах бизнеса и управляет своим собственным бизнесом.
Согласно другому понятию самозанятый человек – это индивидуальное лица, предоставляющее (продающее) услуги или товары ради прибыли, участники производствнных кооперативов, а также лица, имеющие семейные предприятия (хозяйства), использующие труд наемных работников.
Сегодня самозанятых людей можно разделить на две основные группы. Это индивидуальные предприниматели, которые не используют наемный труд и индивидуальные предприниматели с использованием наемного труда. В первую группу входят самозанятые люди, фрилансеры, временные подрядчики, подрядчики по трудовым агентствам и сезонные работники. Вторая группа включает в себя владельцев малого и среднего бизнеса, а также владельцев микрофирм, партнеров по профессиональному обслуживанию фирм.
Если вы работаете в небольшой фирме или в малом и среднем бизнесе, то добивайтесь заключения трудового договора. Прежде всего, заключение трудового договора является гарантией постоянной заработной платы, адекватных условий труда, своевременной выплаты пенсионных взносов и социальных взносов.
Во-вторых, это четкий способ получения опыта работы и квалификации сотрудника.
Если пенсионные взносы не выплачиваются в пользу работника, он/она не может получать пенсионные выплаты из Фонда, поскольку у него не будет пенсионных накоплений к пенсионному возрасту. К сожалению, некоторые из наших соотечественников не знают о трудовом законодательстве и социальных гарантиях. Недобросовестные работодатели извлекают свою пользу в таких случаях.
– Что делать, если работодатель не делает пенсионные отчисления?
– Каждый человек имеет право потребовать от работодателя предоставить информацию о том, как исправно и своевременно делаются отчисления в Фонд. Если работодатель не выполняет своевременную и полную выплату пенсионных взносов, тогда работник сможет обратиться в налоговые органы либо обратиться к инспектору труда. В свою очередь, инспектор труда может обратиться к работодателю и применить соотвествующие меры.
– Как привлечь их в экономику страны?
Вовлечение граждан к полноценной экономической жизни является важной задачей государства. В результате работы, проведенной Министерством труда и социальной защиты Республики Казахстан в прошлом году, 560 000 наемных работников заключили с работодателями трудовой договор. Кроме того, около 1 миллиона человек утверждают, что они наемные работники, но, к сожалению, они не делают пенсионных и социальных отчислений.
По состоянию на 1 июля 2018 года общее количество пенсионных счетов в ЕНПФ составляет 10,19 млн. единиц. Только на 5,9 млн. счетов зачисляются не реже одного раза в год. Следует отметить, что только на одну треть этого числа происходят начисления с частотой от 9 до 12 раз в год.
Высокий уровень количества самозанятых людей - это увеличение теневой экономики – до 27% (Комитет по статистике Министерства национальной экономики РК), неформальная работа, сокрытие доходов, порождает социальную незащищенность самозанятых граждан.
Проблема самозанятых людей носит большой социальный характер и напрямую связана со структурой экономики Казахстана. В настоящее время существует ряд вариантов, которые могут использоваться для людей, находящихся в трудных ситуациях. Это: социальное рабочее место; профессиональная подготовка; молодежная практика; общественные работы; поддержка инициатив в области предпринимательства; гарантированные микрокредиты для граждан в деревнях и городах.
Сегодня в стране имеется трехуровневая пенсионная система. После 2040 года пенсионеры не получат солидарной пенсии. Они могут полагаться только на базовые выплаты и пенсионные сбережения накопленные в Фонде. В то же время, если общий стаж работы составляет 33 года и выше, основная пенсия будет составлять 100% от прожиточного минимума и не будет превышать ее.
В любом случае, участие в накопительной пенсионной системе, в системе социального медицинского страхования на сегодняшний день является необходимым.
– Спасибо за интервью. Желаем вам успехов в вашей работе.
25 шілде 2018 ж. 1 020 0