Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Әнді жүрегіммен сезініп айтамын...»

«Әнді жүрегіммен сезініп айтамын...»

Қазақтың белгілі компози¬торы, Арал жұртшылығының құлағына етене таныс ән, Арал¬дың гимні аталған «Арал жас¬тарының вальсі» әнінің авторы жақында «Аралдың Ақмара¬лы» атты кіта¬бын өз қолтаңба¬сымен құрметпен ұсынған. Қазақ¬тың осы күнгі түрлі сах-наларында айтылып жүр¬ген, ел-жұрт көңілінен шық¬қан әндер жинағы екен. Ал, осы кітаптың мұқабасындағы сұлу келін¬шек¬тің жүзі бәрімізге де таныс бол¬ып шықты. Бұл - Арал¬дың күміс көмей әншісі атанған белгілі өнер жұлдызы Гүлбану Маты¬ғұлова еді.
Белгілі саз¬гер¬дің өзінің ән кі¬табына ай¬дын¬ды Аралдың әнші¬сінің суре¬тін қоюы бекер¬ден бекер ем¬ес шы¬ғар. «Талантты талант тани¬ды» деген сөз бар. Біз де, жерлестері әнші Гүлбану Матығұлованы қаншалықты танып жүрміз деген сұрақ көкейімізге оралды. Сөйттік те әні әуезді, көңілі көркем Гүлбану қарындасымызды сұхбатқа шақырдық.

– Әнші Гүлбану Матығұлова¬ның көрермен алдына шығуы мек¬теп қабырғасында болған шы¬ғар. Өнердегі жолы әрі қарай қалай өрбіді?
– Жас кезімде әнші болуды ар¬мандағаным, не армандамағаным есімде жоқ. Бірақ осы өнер жол¬ы¬на тағдыр мені алып келді. 1970 жылы Қарақұм ауылында тудым. Әкем де, шешем де қарапайым ең¬бек адамдары болды. Кейін Арал қаласына көшіп келіп, 1977 жылы қаладағы №83 мектептің бастау¬ыш сыныбының табалдырығын аттадым. Сонда 4-сынып оқып жүргенімде Алуа деген апайым Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» деген белгілі әнін айтқызғаны есім¬де. Кейін қоныс аударуы¬мыз¬ға байланысты №13 мектепке ау¬ыстым да, мұнда белгілі ұстаз Ал¬даныш Әбжәлиев ағай сынып жет¬екшім болды әрі ән сабағы¬нан берді. Ағайым баянмен өзі сүймелдеп «Саржайлауым», «Өз елім» әндерін үйреткені есімде. Алайда мен алғаш рет сахнаға би¬ші ретінде шыққанмын. Фарида атты апайымыз халық әні «Бипылға» қойылым жасап, сол кездегі «Балықшылар» клубындағы үлкен концертте биледік. Міне, бұл мен¬ің алғашқы көрермен алдына шығуым. 6-7-сыныпта оқып жүр¬генімде Алданыш ағай өзі сүймел¬деп әндер айтқызып, сол жыл¬да¬ры Орталық алаңдағы мамыр және қараша айларындағы шеру¬ден соң, трибунада белгілі әнші¬лермен бірге ән айтып жүрдім.
Ән айту жалпы анамнан кел¬ген болу керек. Ол кісі ешқашан сахнаға шықпаса да, өзі оңаша отырғанда өз ұжымдастары мен туған-туыстары арасындағы отырыстарда әдемі қоңыр даусы¬мен ән шырқайтын...
Кейін әнге деген әуестік жүр¬егіме қонып, мектеп бітірген соң, Қызылорда қаласындағы М.Мә¬м¬е¬т¬ова атындағы педкол¬ледждің музыка бөліміне түстім. Осы оқу орнынан «Халық шығармашы¬лығын ұйымдастырушы» маман¬дығын алып шықтым да, 1990 жылы Арал аудандық Мәдениет үйіне қызметке орналастым.
– Естуімізше екінің бірі қол жеткізе алмайтын «Түркі әлем¬інің үлкен фестивалі» аясында Еділ өзенімен жарты Ресейді аралады деген дерегіңізді біле¬міз...
– Жаңағы айтқандай, Арал ау¬дандық Мәдениет үйіне орна¬лас¬¬қан соң, осындағы бүкіл өнер ұжымдарының жұмыстарына ат¬салыстым. Соның ішінде «Ар¬ал» ансамблінің жеке әншісі бол¬ып концерттерге қатыстым. 1995 жылы Қызылорда қаласы¬ның Алматыдағы онкүндігі бол¬ды. Мен Қазалы ауданының «Қор¬қыт сазы» ансамблімен сол жолы «Ән аға» әнін айттым. Көзге түскен болуым керек, мені Түркі тілдес халық¬тарының І фестиваліне Қазақстаннан 7 адам шақырса, соның бірі болып бар¬дым. Барған жетеудің барлығы Қызылорданікі болатын. Олар Шолпан Биім¬бетова, Елмұра Жаңабергенова, Кенже¬бай Жүсіпов, Төлеген Қаденов, Ерболат Мұстафаев және мен. 22 күн бойы Волга өзенінің бойымен жүріп, жағалаудағы 20 қалаға атбасын тіреп, үлкен концерттер бердік. Делегация құрамында түркі тек¬тес өзбек, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, шеркеш, тағы басқа халықтың өнер майталманы болды. Әуелде ел бас¬шысы Б.Ельцин күтіп алған. Ал Ресейдің Мәдениет министрі әйел адам екен, 22 күн бойы біз жүзген үлкен корабльде бірге болды. Үлкен сахналарда керемет кон¬церттер қойдым. Корабльдің өзі төрт қабатты болатын. Міне, менің өнер жол¬ындағы алғашқы бастауымда осы бір сапар есімде мәңгі қалып қойды.
– Сізді сценарий, инсценировка, қойы¬лымдар жобасын жазудың қас шебері дейді. Бұл жазу өнері көп әншілердің қолынан келе бермейтін сияқты. Сіз қайдан үйреніп жүрсіз?
– 1995 жылы мен облыстық Роза Бағ¬ланова атындағы байқауда топ жарып, ІІ орын иелендім. Бір жылдан соң мені Қызылорда облыстық халық шығармашылығы орталығының «Музыка және фонотека» бөліміне қызметке шақырды. Сонымен қатар облыстық филормония¬ның әншісі болдым. Бұл бөлімде құжат¬тармен сауатты жұмыс істеу талаптары қатты қойылатын. Жұмысыммен көзге көріндім де, бөлім басшысы М.Мақашов¬тың шешімімен облыстық Н.Бекежанов атындағы драма театрының режиссері Ерғали Оразымбетовтің көмекшісі болып қосымша жұмысқа бекітілдім. Бас режиссер тек қана театрдағы қойылым¬дарды қойып қана қоймайды, облыс ор¬талығында өтетін барша үлкен шаралар¬ды сахналайды. Сол жұмыстардың бас¬ында, оның қасында мен болатынмын. Ерғали аға орысша, қазақша араластырып отырып қойылымның жобасын айтып шығады. Ал дайындық барысында ол жобасы сан рет өзгереді. Соның бәрін қада¬ғалап отырып жазамын. Мені ол «Си¬неглаз» деп айтатын. Содан жазғандар¬ымды машинкіге басып, ертеңіне апара¬мын. Ол оны қарайды да, қайта үстіне қосып «Иди, пиши» деп қайтадан жібе¬реді. Келесі дайындықта қайта өзгертеді. Мұны да жалықпай жазып, қайта апара¬мын. Соңында ғана «хорошо» деп құпта¬ғандығын білдіретін. Осындай талапшыл режиссердің мектебінен өткендіктен бол¬ар, кейін Аралға келген соң да осындағы халық театрының режиссері Бақыт Бах¬рамованың қасында көп жүрдім. Үйрен¬дім. Ол көбінесе ананың, кейуананың рөл¬дерін беретін. Соларды сомдаймын. Қой¬ылымдарды қою барысында өзі шаруасы болып қалған жайларда: «Өзің әрі қарай жасай бер, Гүлбану» деп сенім білдіретін. Осындай мектептерден өткен соң, ау¬дан¬да өтетін көптеген салтанатты шаралар¬дың сценарийлерін қиналмай жазатын дәрежеге жеттім. Және оны әріптестерім де, басқалар да бағалап жүрді.
– Қармақшы өңірінде де өзіңіздің қолтаңбаңызды қалдырыпсыз...
– 2015-2016 жылдары Қармақшы ау¬данындағы Ақай ауылының Мәдениет үйінде аз уақыт болса да жұмыс жасап, осындағы 15 жылдық тарихы бар драма ұжымының жұмысын жандандырып, «Халық театры» атағын алып бергенім бар. Өзіндік бет-бейнесі бар халық өнер¬паздарының жұмысын жандандыруыма өмірде көрген мол тәжірибем көмек берді деп ойлаймын. Менің ұйымдастыруыммен бұл ұжым аудандық байқаулар¬дың жүлдегері атанды. Содан бері әлде¬неше жылдар өтсе де осы ұжым менің аз¬ған¬тай еңбегімді ескеріп, үнемі айтып отырады.
– Қарап отырсақ, Аралдың мәдениеті мен өнерінің айналасында жүргеніңізге 35 жыл уақыт болыпты. Бұл аз уақыт емес қой. Қаншама өнер саңлақтарымен аралас-құралас жүрдіңіз.
– Дұрыс айтасыз, осы аудандық Мәд¬ениет үйіне келгенде жалпы өнер адамының жергілікті жерде бірнеше өнерден хабары болуы керек екенін байқадым. Осындағы халық театрының режиссері Оңталап Нұрмаханов сахна өнеріне тәр¬биеледі. Қойылымдарда образ жасаудың қыр-сырын танытты. Ал тамаша музы¬кант Болат Жүргенов ағамыз ән айтудың, көрерменге оны жеткізудің жолдарын үй¬ретті. Замандастарымыз, Аралдың күміс көмей әншілері Алтынкүл мен Айнаштың ән айтуының өзі қатар жүрген бізге бір-бір мектеп еді. Аралдың айтулы жыршы¬сы Бекұзақ Тәңірбергеновтің әрбір сөзін, әрбір айтқан жыр-термесін құлаққа сіңі¬ріп өстік. Ол мені «Ақгуан» деп еркеле-тетін. Даңғайыр жырау Мұрат Сыдықов, Демеу Жолымбетовтің, өнер анасы Базар Қостаева апамыздың сахнадағы әрбір қи¬мыл-қозғалысының өзі, ел алдында ұстауы тәрбие мектебі болды. Сондай-ақ Дәмегүл апай, Күнипа, Бағдат, Мирон, Маруся, Айналардан да біздің үйренері¬міз көп болды.
– Шәк¬ірт¬¬¬теріңіз туралы не айтасыз?
– Сонау Қызылордада жүрген кезімде сондағы бөлім меңгерушісі Сәуле Қожбанованың басшылығымен Рамазан Тай¬манов, Бағдагүл Есмұрзаевалармен бірге «Сыр сандуғаштары» тобын құрып, көп¬теген жас әншілерді тәрбиелеп шығар¬дық. Солардың ішінде кейін Гүлнұр Ораз¬ымбетова, Руслан Сыдықов, Андрей Ким, Алмас Кішкенбаев, Нәби Аймұратовтар өнерге қанат қағып, есімі елімізге мәлім болды. Сондай-ақ талантты шәкіртім Ислам Хамзаев балалар шығармашы¬лығынан көптеген республикалық бай¬қауларда бас жүлде алған. Бүгінде ол Абай атындағы опера және балет театрының белді әншісі болып жүр.
– «Ән көңілдің ажары» дейді ғой. Тың¬дарманның құлағына сіңіріп, жүрегіне жететіндей әндеріңізді қалай таңдай¬сыз?
– Ән әлемі – кең әлем. Бұл – бір үлкен халықтық қазына. Дегенмен әр әншінің жанына жақын әуендері болады емес пе?Мен де табиғатыма келетін лирикалық әндерді айтқанды жақсы көремін. Және әрбір әнді айтқанда жүрегіммен сезініп айтамын. Ән әлемінің дүлдүлдері Әсет, Бейсеуов, Шәмші Қалдаяқовтар мен үшін керемет бір дүние десем артық болмас. Халық әндері де жүрегімнен төгіліп шыққандай болады. Сосын да осы жер¬гілікті жеріміздің композиторлары Мұрат Сыдықұлы, Дабыл Омаров, Достан Көзмағамбетовтердің әндерін үнемі айтып жүремін. Мысалы, Мұрат ағаның «Қайдасың?», Дабыл ағаның «Біздің үйдегі періште» (сөзі Жұмабай Жақыптікі) әндерін аудан сахналарында айтқанымда тыңдармандар қошеметіне бөленемін.
– Өнер жолыңыздағы еңбегіңіз еленді ме?
– Жалпы еңбегім еленді деп ойлаймын. Олай деуіме себеп Аралда болсын, Қыз¬ылордада болсын, Қармақшы ауданында болсын, қай кезде де Мәдениет бөлімдер¬інің басшылықтарынан Алғыс алып жүр¬дім. Бірнеше облыстық, аймақтық бай¬қау¬ларда орын алғаным өз алдына. Қыз¬ылорда облыстық «Үздік маман» байқау¬ында І орын алдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым. Енді міне,«Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленіп отырмын. Осының бәрі мен үшін үлкен мәртебе. Менің өнерім халықтың көз алдында.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан: Е.ЗЕЙНЕТҰЛЫ

31 қазан 2023 ж. 4 763 0