Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қордағы қаражатты үнемі бақылау керек

Қордағы қаражатты үнемі бақылау керек

Біріыңғай жинақтық зейнетақы қорының қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан көкейтесті сұрақтар көп. Осыған байланысты БЖЗҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының Арал қаласындағы қызмет көрсету орталығының басшысы Ғалия Айбосыновадан маңызды деген сұрақтардың жауабын алған болатынбыз.
– Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алу шарттары туралы түсіндіріп беріңізші, кәдімгі төлемдерден айырмашылығы неде? Бірлескен аннуитет дегеніміз не?
– Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін дәстүрлі зейнет жасына толғанға дейін бірнеше жыл бұрын рәсімдей алады. Ол үшін өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу қажет. Бірақ мұндай шарт жасау үшін БЖЗҚ-ның салымшысында республикалық бюджет туралы заңды белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын белгілі бір мөлшерден төмен емес зейнетақы жинақтары болуы керек. Төлемдер арасында айырмашылық бар. БЖЗҚ-нан берілетін төлемдер жинақ таусылғанға дейін, өмірді сақтандыру компаниясынан жасалған төлемдер сақтандыруға берілген жинақ мөлшерінен асып кеткеніне қарамастан өмір бойы жүргізіледі. БЖЗҚ-да сақталған жинақты төлем алушы қайтыс болған жағдайда оның туысқандары мұрагерлікке алуға болады. Ал ӨСК-на берілген жинақты мұндай тәсілмен алу қарастырылмаған. Алайда зейнетақы аннуитеті шартында кепілдік кезеңі болған жағдайда, ол аяқталғанға дейін сақтандыру төлемдерін қайтыс болған адамның мұрагері алатын болады.
– Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін неше рет алуға болады?
– Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге және емделуге пайдалану құқығына белгілі бір жеткілікті шегінен асатын жинақтары бар, зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған суммасының 50 пайыздан аспайтын шекте, сақтандыру копаниялармен өмірлік аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар пайдалануға құқылы. Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге МЗЖ есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жейнақтарының барлық мөлшерін пайдалануға құқық берілді. Осы санаттағы азаматтардың біріне жататын кез келген адам зейнетақы жинақтарын шектеусіз пайдалана алады.
– Зейнетақы жинақтарының жай-күйін тексеріп тұрған дұрыс па? Оны қалай істеуге болады?
– Салымшылардың зейнетақы шоттарындағы өздерінің жинақтарының жай-күйін үнемі қадағалап отыруға кеңес берген болар едім. Сонымен қатар қордағы жеке зейнетақы шоттарыңызға зейнетақы жарналарының түсуіне баса назар аударған жөн. Себебі кейде жұмыс беруші өзінің міндеттерін толық орындамайтын немесе мүлде аударым жасамайтын жағдайлар да кездесті. Сондықтан шоттарыңыздағы жинақтарды назарда ұстап отырған жөн. Жеке зейнетақы шотыңыздын үзінді көшірме алу – салымшының заңмен бекітілген құқығы. Қазіргі таңда ақпаратты алудың ең ыңғайлы тәсілі сайттағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет. Ол үшін жеке кабинетте бір рет тіркелу қажет. Мұны дерекқорына тіркелген телефон нөміріне келген СМС алу арқылы жасауға болады. Сондай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару арқылы іске асыруға болады.
– Зейнетақы жинағының жеткілікті шегінен асатын бөлігін алмаған жағдайда оны инфляция «жеп» қоймай ма? Қаржыны басқарудың қандай мүмкіндіктері бар ?
– Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі қаржылық тәуекелден барынша қорғалған. Еліміздегі – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген әлемдегі жалғыз ел екендігін айта кетуіміз керек. Зейнетке шыққан кезде жинақтардың кірістілігі зейнетақы төлемін алған кезде республикалық бюджет есебінен толықтырылады. Салымшы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушылығының сенімгерлік басқаруына аудару туралы шешім қабылдаса, ең алдымен нарықтағы басқарушы компаниялардың өзекті тізбесімен танысуға кеңес береміз. Олар қордың сайтындағы инвестициялық декларацияларын, қызметтеріне жасалған шолуды зерделеп, таңдауы түсіп отырған компанияның тәжірибесімен және жұмыс нәтижелерімен толық танысуы қажет.
– Тыңғылықты жауабыңыз үшін рахмет.


Сұхбаттасқан Назерке МАРАТҚЫЗЫ

фото: aptamedia.kz
09 қаңтар 2024 ж. 3 003 0