ТОЛЫБАЙ ӘЛЖАНОВ: ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІНІҢ КЕЛЕШІГІ ЗОР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын» деп атап өткен еді.
Спорт және туризм – адамның жан-жақты дамуына, денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды сала. Спорт халықтың рухани және физикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, ұлттың бірлігін нығайтуға, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ерекше үлес қосады.
Дене тәрбиесі – жеке тұлғаның рухани дамуының негізі, салауатты өмір салтын қалыптастырудың ажырамас бөлігі. Ал спорт – табандылық, ерік-жігер, жеңіске деген құштарлық пен топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытатын алаң. Қазақстанда дене тәрбиесі мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлініп, бұл саланың қоғамдағы рөлі күннен-күнге артып келеді.
Туризм – тек демалыс пен саяхат қана емес, ол елдің мәдени және табиғи байлығын әлемге танытатын, экономикалық өркендеу мен халықаралық ынтымақтастыққа жол ашатын қуатты құрал. Біздің еліміздегі әсем табиғат, тарихи ескерткіштер мен мәдени мұра туризмнің үлкен мүмкіндіктерін ашады. Дене тәрбиесі, спорт және туризм саласын дамыту – тек денсаулық пен демалысты ғана емес, елдің келешегіне деген сенімді нығайтатын стратегиялық міндет. Бұл бағыттар әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруға зор мүмкіндік береді. Біз барлығымыз бірге осы салалардың өркендеуіне үлес қосып, ортақ мақсаттарға қол жеткізе аламыз : Сол себепті ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Толыбай Әлжановпен сұхбат құрдық.
– Құрметті Толыбай Шалғынбайұлы, осы орайда сала саңылақтарының көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуда Арал ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі арқылы соңғы жылдары қандай негізгі жұмыстар атқарылғанын айтсаңыз?
– Соңғы жылдары аудан көлемінде спорт пен туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Оның ішінде аудан көлемінде 2 спорт мектебі және 1 спорт клубы аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі жарыстар, марафондар және турнирлер ұйымдастырып келеді. Арал ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 32 113 ке жетті. Бұл аудан тұрғындарының 40,5 пайызын құрайды.
228 спорт объектісі тіркелген. Оның төртеуі спорттық кешен, біреуі стадион, жетпіс спорт зал, оның ішінде он төрт бейімделінген спорт бөлмелері халыққа қызмет көрсетіп келеді.
– Халық арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру үшін қандай шаралар қолға алынуда?
– 2024 жылы әлеуметтік тапсырыс негізінде аудан тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту бағытында 22,5 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, «Әйтеке би спорт клубы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылды. Бұл бағытта аудан бойынша 29 штат бірлігімен спорт нұсқаушылары көптеген елді-мекендерде келісім шарт негізінде жұмыс жасап, 5220 адамды спортқа тартқан.
Сонымен қатар, арт спорт «Даму бала» бағдарламасы бойынша Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының тапсырысымен Арал ауданында «Даму бала» бағдарламасы негізінде үш кәсіпкер жұмыс жасауда. Ол осы қала тұрғыны Мәди Исмаилов ИП («Dostar Aral») Ж.Жанаев №11 «А» көшесінде таэквондо секциясымен 86 бала, екінші кәсіпкер Қызылорда қаласының тұрғыны Абай Байтүбетов («ИП Айымжан») Сырым батыр №12 көшесінен ашылған үстел теннисімен 67 бала, Қызылорда қаласының тұрғыны «ИП Мұрагер» жетекшісі Әбілхайыр хан №19 мекен-жайында спорттық би секциясымен 99 спорт сүйер балалардың жаңа тынысын ашуда. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпаққа салауатты өмір сүру сапасын жақсартуда септігін тигізуде. Аталған бағдарламаға сәйкес спорт секцияға беруге ниетті ата-ана «Даму бала» электронды порталы арқылы тапсырыс беруіне болады. Жасалған жұмыстар кәсіпкер тапсырған табель бойынша облыстық бюджет есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 24,6 млн теңге қаржы бөлініп, мобильды үрлемелі күмбез жабдығы алынды. Бұл нысанда еркін күрес және үстел теннисінен үйірмелер ашылып өз жұмыстарын бастап кетті.
Аққұм ауылдық округі, Шижаға елді мекенінен 1 спорт кешенінің салуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, «Болашақ» ЖШС-мен (мердігер) 418,39 мың теңгеге келісім-шарт жасалып 50 млн. теңгесі биылғы жылға бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұқаралық спортты қолдау мақсатында Арал қаласында ағымдағы жылдың наурыз айында жеке кәсіпкер Жақсылық Байқадамов, Ж. Кенжебаев көшесі, №13 мекен-жайында өз қаражаты есебінен заман талабына сай «Арсен» спорт кешенін ашты.
Казіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қала тұрғындарына ақылы түрде футзал пайдаланылуға беріліп отыр.
– Спорт саласындағы жетістіктер көп екенін білесіз. Осы жайында кеңінен баяндасаңыз.
– Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап аудан тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 94 спорттық жарыс, оның 6-уі республикалық, 8-уі облыстық, 80-і аудандық іс-шаралар өткізілді.
Бүгінде аудан спортшылары түрлі жарыстардан 49 медальға ие болды: оның ішінде 19-і алтын, 12-і күміс, 18-і қола еншіледі. Ағымдағы жылдың 26-30 маусым күндері Астана қаласында өткізілген әмбебап жеке-жек спорт түрінен жерлесіміз Нұртуған Әлібеков жеңімпаз атанып, Италия елінде өткізілетін Әлем біріншілігіне жолдама ұтып алды.
Үстіміздегі жылдың 16 шілде күні Тайланд елінде өткен Азия біріншілігінде грек-рим күресінен жерлесіміз Махамбет Мирас (№61 орта мектеп оқушысы) жүлделі 3 орын жеңіп алып, аудан абыройын асқақтата түсті.
Алпамыс Болатұлы – Грек-рим күресінен U17 жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының 55 кг салмақ дәрежесі бойынша күміс жүлдегері (Иордания, Амман 20. 08. 2024 жыл), Қайрат Разақов – 2024 жылы Қырғызстан Республикасы, Чолпан Ата қаласында өткен ардагерлер арасында гір спортынан әлем біріншілігінде ұзын циклден III, серпе көтеруден II және жұлқа көтеруден I орындарға, Сырым Қартбайұлы – 2024 ж. Қырғызстан Республикасы, Чолпан ата қаласында ауесқой жастар арасында әлем чемпионатындагір спортынан 68кг салмақ дәрежесінде(ұзын цикл және жұлқа көтеру) III орынға ие болды.
Ғанибек Әбілбаев – 2024 жылы Қырғызстан Республикасы, Чолпан ата қаласындагір спортынан әлем чемпионатында әуесқой жастар арасында 63кг салмақтың (жұлқа көтеру), Айнұр Майханова – 2024жылы Қырғызстан Республикасы, Чолпан Ата қаласында гір спортынан әлем чемпионатының III орынмен Талғат Есентүгелов – 2024 жылы Қырғызстан Республикасы, Чолпан ата қаласында гір спортынан әлем чемпионатында ұзақ циклдан II орын және серпе көтеруден III орын алып жеңіс шыңын бағындырды.
Қарлығаш Жұмағұлова – 2024жылы Қырғызстан әлем чемпионатының (гір тасын жұлқа және серпін көтеруден) 2 дүркін жеңімпазы атанды. Айгерім Сыдықова – 2024 жылдың 11-13 қыркүйегінде асық ату спортынан Әлем чемпионатының жеңімпазы болды
Сонымен бірге азия біріншілігінде әйелдер күресінен Раяна Жамсапқызы (№13 орта мектеп оқушысы) ел намысын қорғады.
– Туризм саласына келсек, Арал ауданының әлеуеті ерекше. Бұл бағытта қандай жобалар қолға алынуда?
– Арал ауданы көлемінде туризм саласы ішкі және сыртқы болып қызмет көрсету белгіленген. Айтап айтар болсақ: 16 қонақ үй тіркелген. Оның ішінде,
11 қонақ үй Арал қаласында орналасқан болса, қалған 5 қонақ үйі кент, ауылдық округтер мен «Батыс Қытай – Батыс Европа» автодәлізі бойында қызмет көрсетуде. Аудан көлемінде ішкі және сыртқы туризм бойынша Қамбаш жағажайы, Көкарал бөгеті, Ақеспедегі «Ыстық су» бұрқағы туристік нысан болып белгіленген. Алдағы уақытта Ақбай елді мекенінің жанында орналасқан «Арыстан баб» кесенесін қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары аяқталған кезде, осы киелі жерді туристік нысандар қатарына қосу жоспарлануда.
Қазіргі таңда Арал ауданының туристік картасы үш тілде жасалынып, ондағы туристік нысандар туралы қысқаша мәліметтерімен орналасқан жерлері координаттары QR-код арқылы енгізілді. Және де Халықаралық Аралды құтқару қорымен бірлесіп Арал ауданында «Арал геопарк» құру жобасының презентациясы өткізіліп, қазіргі таңда қаржы мәселелері пысықталуда.
– Алдағы жоспарларыңыз қандай?
– Биыл Жақсықылыш кентіндегі спорт кешенін пайдалануға беру жұмыстарын толық аяқтау. Алдағы уақытта Арал қаласында екі спорт кешенін салуға жоба-сметалық құжаттамалары мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджет есебінен және демеушілер тарапынан қаражат бөлуге жұмыстар жүргізудеміз. Бұл кешен заманауи стандарттарға сай болып, барлық жас ерекшеліктері үшін қолайлы болады. Аудан төңірегіндегі туризмді халықаралық деңгейге шығарып, спортшылардың әлемдік жарыстарға қатысуына жағдай жасау басты мақсатымыз және сала бойынша межеленген индикаторлардың орындалуын ұдайы бақылауда ұстау.
– Уақыт бөліп, келісті кездесу мен жылы жүздесу аясында берген сұхбатыңыз үшін рақмет! Алға қойған мақсаттарыңыз сәтті жүзеге ассын!

Сұхбаттасқан Асылхан ЖОЛДАСҰЛЫ