Шархан Қазығұл: Баспасөз беренсөзімен бағаланады
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Меценат.кз» үздік романдар байқауының тұңғыш лауреаты, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, жазушы-публицист Шархан ҚАЗЫҒҰЛ – өзіндік стилімен ерекшеленетін танымал қаламгердің бірі. «Нұр Астана» және «Айқара» республикалық басылымдары мен «Qogam.kz» порталы секілді жобаларды жүзеге асырған журналист – жиырмаға тарта кітаптың авторы. Ол ҚР Президенті, ҚР Үкіметі және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Баспасөз қызметтерінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етті. Биыл 70 жасқа толған Шархан Қазығұл жақында Аралға келіп, туған жерінде болып қайтқан болатын. Біз де жерлес жазушы-публицист ағамызға бірқатар сұрақтар қойып, әңгімеге тартқан едік.
– Шархан аға, туған жеріңізге қош келдіңіз, айдынды Арал сіздің шығармашылық адамы болуыңызға қаншалықты әсер етті?
– Қазіргі Тәуелсіздік алаңы тұрған жерде менің бала кезімде пошта бөлімшесі болатын. Біздің үйіміздің дәл жанында. Бес жасымнан бастап осы поштаның ішінде жүрдім. Анамның жақын ағасы Демеуғазы деген кісі осында меңгеруші болып істейтін. Таңертеңсін поштаға газет тиеген машина келеді. Кіл сары қапшыққа салынған газеттерді осында түсіре бастайды. Сол кезде газеттің ерекше бір спецификалық исі бар еді. Сол иіс әлі мұрнымнан кетпейді. Журналистикаға махаббатым осы иістен басталды. Бара-бара әркімнен сұрап жүріп, газеттің атауларын оқитын дәрежеге жеттім. Мектепке бармай тұрып осылайша әріптерді таныдым. Үшінші сыныптан бастап аудандық «Толқын», облыстық «Ленин жолы» газеттеріне қысқа хабарлар жаза бастадым. Бір жылда «қысқа хабардың хас шебері» атандым. Сондықтан да өзімді «Толқында» туған түлекпін деп есептеймін.
Балалық шағым өткен Арал қаласы ол кезде керемет еді. Теңіздің толқыны бүгінгі Балықшылар аллеясы тұсындағы қабырғасы тұтас терезе етіп салынған мейрамханаға ұрып жататын. Теңізден шықпайтынбыз. Шаһарда 15 кітапхана болатын, трибунасы бар үлкен стадион бар еді. Футбол, баскетбол, волейбол сияқты спорт түрлерін былай қойғанда мотобол, допты хоккейден қалалық жарыстар жүйелі өтетін. Қалалық пионерлер үйінде неше түрлі үйірмелер жұмыс істейтін. Осының бәрі менің қаламгер болып қалыптасуыма ерекше әсер етті.
... АҒА – КІНӘЛІ
– Шархан аға, Қазақстандағы танымал публицист екеніңізді жақсы білеміз. Бірақ елімізде 2022 жылы алғаш рет ұйымдастырылған «Меценат.кз» әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты атанғаныңыз айды аспанға шығарғанмен бірдей болды.
– Жазушы болуды соншалықты армандаған емеспін. Дегенмен, кейде жағдай бізден күштірек болады: пандемия кезінде уақытты өлтірмеу үшін роман жазуға бекіндім. Кез келген пенде құдайдың қалаған күні көрмеген көшесіне кетеді. Тіршілікте елдің есінде қалатындай іс тындырып кеткенге не жетсін?! Оның үстіне, мына қу тіршіліктің тәттісін де, ащысын да бір адамдай таттық. Өмірлік тәжірибе жинадық. Платонның сөзі бар: «Көрген-білгенін айтпаса, аға – кінәлі». Сол өмірден жиған-тергенді көркем шығарма арқылы жеткізгім келді. Бойда қуат бар кезде.
Бәріне белгілі, 60 жасқа дейін адам миының екі жарты шары алма-кезек жұмыс істейді. Ал алпыстан кейін екі жарты шары да іске қосылады. Мынадай да тәмсіл бар: «Қарттықпен бірге даналық кіреді, бірақ кейде қарттық жалғыз өзі келеді». Сондықтан да дәл осы кезде адам ой еңбегімен көбірек айналысуы шарт. Және оны тоқтатуға болмайды. Әйтпесе, нейрондардың байланысы үзіліп, адам тез қартая бастайды. Қартайған соң өзі қызық та қалмайды. Жалпы, адамға пайдаң тимесе, өмір сүрудің де мәні кетеді. Сондықтан да «Күлпет» романым дүниеге келмесе, қатты өкінер едім.
Әрине, роман жазу идеясы бір күнде келе қалған жоқ. Дегенмен, осал жазушы болғым келмеді. Сондықтан да көркем әдебиетпен айналысуға асықпадым. Жалпы бұл роман сексен жылдық тарихты қамтиды. Үш ұрпақтың өмірі ғой. Бірақ мұны толық жазып шықсаң, қазір оны он адамның өзі оқып шығуы – қиял-ғажайып ертегі. Біздің қазір кітап оқылмайды деуіміздің сыры да осы жерде жатыр. Әрине, көркем әдебиеттің формасы қазір ескірді. Біздің әдебиетімізге трансформация керек деп ойлаймын.
Сондықтан да «Күлпет» романын «Публицистика-Көркем әдебиет-Философия» симбиозы арқылы халықаралық форматта жазып шығу керектігін түсіндім. Бірақ романның аты – роман, бәрібір оның канондарын сақтау керек. Соған сәйкес публицистиканы сөз өнеріне жақындатуды, көркем әдебиетті сөз бен ойдың гармониясына ұштастыруды, ғылыми философияны дала философиясына бейімдеуді ең алдымен ойладым. Онсыз өзімнің роман жанрындағы талпынысымның күлі көкке ұшатынын сездім. Дегенмен, әлгі симбиоздың арқасында романды көркемдік және мазмұндық деңгейде алып шықтым деп батыл айта аламын.
ЖАҺАНДАНУҒА ЖҰТЫЛЫП КЕТПЕУІМІЗ КЕРЕК
– Романның жалпы идеясы туралы айта кетсеңіз?
– Кез келген халық, кез келген адам өзінің тараған тамырынан ажырамау керек. Басқа елді бастапқы төл қасиетімен табындыру қолынан келмегеннің өзінде де, сол елдің болмысына бірігіп кетуден сақтануы тиіс. Біз тек өз тамырымыздан үзілмегенде ғана өркениеттің биігіне жете аламыз. Сондықтан да қазақ жазушысы өз ұлтының идентификациясын сақтай отырып, басқа ұлттарды мойындата алатынын ешқашан естен шығармауы тиіс. Қазір біздің дүкендерімізде «Кока кола» сусыны самсап тұруы нені білдіреді? Бұл – сол сусын келгелі біз жаһандануға ендік деген сөз. Одан енді қашып құтылу жоқ. Бірақ сол жаһандануға жұтылып кетпеуіміз керек. Оның жолы бар ма? Бар. Біз қазір әлгі тажалға өзіміздің ұлттық құндылықтар мен ерекшелігімізді қарсы қоюымыз қажет. Олай болса, жаһандану процесінен сақтанудың шартты рефлекстерін өз бойымызда қалыптастыруға болатынына күмән жоқ. Сонда ғана мына алуан түрлі әлемде қазақ тұлпарлық та, сұңқарлық та қасиетін сақтап, алабөтен халық болып қалыптасады. Мен романымда осы идеяны қозғадым.
– Роман жазуыңызға жалпы қандай қаламгерлер әсер етті?
– Маған Шыңғыс Айтматов пен Нодар Думбадзенің өмірге деген философиялық көзқарасы қатты әсер етті. Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Төлен Әбдіктен де көп нәрсені үйрендім. Олар жер бетіндегі барлық адамдарды бір-біріне көмектесу үшін бірігуге шақырады. Осы философия маған өте жақын. Мұнда супергуманистік қағидаттар молынан табылады.
– Қазіргі заманғы қазақ әдебиеті қандай болуы керек деген сұрақтың маңайында аз-кем ойыңызды айта кеткеніңіз жөн болар.
– Жалпы жазушылыққа үйрету мүмкін емес, бірақ жазушылықты үйренуге болады. Тұтас қазақ әдебиеті қандай болу керектігін мен шешпеймін. Бірақ «Көркем шығарма қалай жазылуы тиіс?» деген сұраққа кез келген қаламгер ең алдымен жауап іздеуі керек деп ойлаймын. Мына жалған дүниеде мен кіммін? Бұл туралы «Қылмыс пен жаза» романының авторы Федор Достаевский де өз кейіпкері Родион Раскольниковтің аузымен айтып кеткен: «Тварь ли я дрожащая или право имею...». Иә, адам мына өмірге не үшін келеді? Миссиясы не? Бейшара болып өмір сүру үшін бе? Әлде Құдайдың сыйлаған өміріне лайықты жауап беру үшін бе? Адам жанын зерттегісі келген жазушы осы философиялық постулатқа жауап іздеуі керек. Сондықтан да қазақ жазушысы енді өз орбитасынан шығып, бүкіл адамзаттың алдында тұрған мәңгілік сұрақтардың жауабын іздеуі тиіс.
ӘДІЛЕТСІЗДІКТЕН ЗАРДАП ШЕГІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЕЛМІЗ
– «Әдебиет – ардың ісі» деген ғажап сөзді аға буын жазушылар бекер айтып кеткен жоқ. Бұл төңіректе не айтар едіңіз?
– Дұрыс айтасыз, арға жүгінген жазушы ғана қоғамды алға жылжыта алады. Әділдік үшін күрескен жазушы ғана елінің көсегесін көгерте алады. Мен де басқа жазушылар секілді еліміздің еңсесі көтерілсе екен деймін. Тұғырлы мемлекет құрсақ екен деймін. Иә, біз – әділетсіздіктен зардап шегіп келе жатқан елміз. Бұл құбылыс біздің қоғамда өзінің апогейіне жетті деп айтуға болады. Оны неден көруге болады? Біз қазір тіпті әділетті шешілген нәрсенің өзінен әділетсіздікті көріп тұратын халге жеттік. Бұл – аса қауіпті белгі.
Біз әділетсіздікпен ортадағы құдайшылық ойды айту арқылы күресуіміз керек. Әділетсіздікпен күресу мәдениетінің түп төркіні осы ойдың астарында жатқанын әркім қабылдай білсе екен деймін. Біз сонда ғана билік пен халық бірлесе отырып, қолға алып жатқан елдік шаруаларымыздың нәтижесін көре аламыз. Селқостықтан арылған адам ғана қайтадан ой қорыту мүмкіндігіне ие. Бұл механизмсіз қоғам құрдымға кетті дей беріңіз. Мемлекетте ақыл-ой салтанат құруы үшін бостандықтың маңызды алғышарттары болмаса, ол ел берекесіздікке беттейді. Рухани апатқа жол бермей қалатын бірден-бір күш – сындарлы да салиқалы көркем әдебиет. Әр жазушы өз позициясын осы жерден іздеуі керек.
– Публицист Шархан Қазығұлдың азаматтық ұстанымын біз жақсы білеміз. Ал жазушылыққа бет бұрған кезде қандай позиция ұстағаныңыз бізді қызықтыратынын жасырғымыз келмейді.
– Жалпы, көркем әдебиет бұрынғы және осы заманғы жанкешті өмірімізді келешектегі құтты орнына қондыратын корабль десек, публицистика бізге келер күнімізді, көрер нәсібімізді көрсететін компас ретінде құндырақ көрінеді. Корабльдің қасында компас қалай көзімізге қораш көрінсе, көркем әдебиеттің жанында публицистикаға да солай жүрдім-бардым қарайтындар қатары қазірге дейін сиремей келе жатқаны рас. Бұл – дұрыс көзқарас емес.
Жазушылық өнер дейміз бе, жазушылық кәсіп дейміз бе, ол көсемсөзші болуға өте-мөте аздық етеді. Абыздарға тән аталы сөз айту, арғы-бергіні сараптай отырып, орамға келген оймақтай ойына халықты ұйыта білу, сол арқылы оның рухани туұстарына айналу кез келгеннің қолынан келе беретін оңай шаруа болса, Ахмет Байтұрсынұлы публицистиканы қазақы арнаға бұрып, көсемсөз деп қалыптастырар ма еді?!
Ал жазушы позициясы жүздеген, мыңдаған оқырман жүрегіндегі тығылып жатқан немесе тұншығып жатқан әлемнің сырын ашумен шектелмей, қам көңілді жұбататындай дәрумен қалыппен қайта оралатындығымен қымбат. Қорған болар қаламгер эссе жазса да, роман жазса да, әркімнің жан дүниесіндегі сілкіністерді асқан ептілікпен көкірегіне үюмен тоқтап қалмайды. Ол әлгі жиған-тергенін әр жүректің өз жазуындай жаңғыртып қайтара білу құдіретімен бағаланады. Сыни реализмнің басты құндылығы сонда, айқын азаматтық позиция ұстайтын жазушы оқырманын қоғамдағы қордаланған проблемаларды шешуге жетелейтіндігімен төрге озып тұрады.
ЖУРНАЛИСТИКА – КРЕАТИВТІ КӘСІП
– Енді әңгімені қазіргі заманғы қазақ журналистикасының мәселелеріне бұрсақ деймін, Шархан аға. Бұл орайда қандай ойларыңызбен бөлісер едіңіз?
– Журналистика пайда болғалы бері ол не өнерге, не ғылым санатына жатқызылмай келе жатқанын қазір жұрттың бәрі біледі. Иә, журналистика – кәсіп. Креативті кәсіп. Қалай кестелесек те журналистика – қоғам үшін қажет мамандық. Керек десеңіз, мемлекеттің өзі журналистикасыз өмір сүре алмайды.
Қазіргі қазақ журналистикасының хал-ахуалы туралы салған жерден айтып кету – қиынның қиыны. Әрине, ұлттық журналистика өзінің көп палитралы кемел шағына қонғанына біраз уақыт болды. Дәл қазір оны бір арнаға түсіп үлгерген үлкен механизмге теңеуге болар еді. Дегенмен, уақыт талабы қашан да қатал. Сондықтан да болар, әлгі механизм қашан да унификацияны талап етіп отыратыны – заңдылық.
Анығы сол, бүгінгі картинаны көз алдымызға алып келу шегініссіз мүмкін емес. Логикалық тұрғыдан да. Бүгінгі әңгімеміздің мақсаты тұрғысынан да. Айтары жоқ, соңғы отыз-қырық жылда қазақ журналистикасы бір арнаға баяғыда түсіп үлгерген басқа өркениетті елдердің баспасөзіне қарағанда талай тотанақты басынан өткерді. Сексенінші жылдардың ортасында басталған «пікірлердің әр алуандығы» деп аталатын «горбачевщина» бір құбылысты әртүрлі бағалауға әкеп тіреп қойды. Қатып қалған жалғыз ғана пікірге құрылатын коммунистік журналистиканы неше түрлі бағыттағы медиа-холдингтер ауыстырғалы қай заман?! Бүгінгі таңда Қазақстанның ақпарат кеңістігінде үкіметтік, партиялық, олигархиялық, оппозициялық, салалық, жекеменшіктік және тағы басқа баспасөз құралдары бейбіт қатар өмір сүре бастады. Мемлекет мүддесін алдыңғы планда қорғайтын ресми газеттер реестрінің сақталып қалуы билік позициясын әлсіреуден алып қалғаны бұқаралық ақпарат құралдарының шын мәнінде төртінші билік екенін айқындай түсті. Мұның өзі тәуелсіздік туын тұғырға қондырған кезде, әсіресе, ұлттық құндылықтарымызды түгендеуге мүмкіндік бергені сөзсіз. Баспасөз ұлтты ұйыстырды. Қоғамды алмағайып өларада алдағы күнге сенімділікпен қарауға үйретті.
Тоқсаныншы жылдары қазақ журналистикасы тарихымыздағы талай ақтаңдақтарды ашты. Ұлтымыздың өшкені жанып, жоғалғаны табылуына қазіргі қазақ журналистикасының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе, осы жылдары қазақ публицистикасы өзінің шарықтау шегіне жетті десек, қате айтпаймыз. Қазақ газеттерінің ұлттық тақырыптарды корпоративтік рухта ауызбіршілікпен жаза білгендігі тек қана халықтың еңсесін көтеріп қойған жоқ, сонымен бірге алға жылжуымыздың бағдаршамындай болғаны рас.
Дәл қазір басылымдардың мазмұнын байытпай «ел газет оқымайды» деген байбаламымыз да негізсіз болар еді. Сондықтан да жылтыр сөзді тоқтату керек. Қазір ой керек! Қысқа сөздің қауызына әп-әдемі қондыра салатын ойды меңзеп тұрмын. Баспасөз қашан да жылтыр сөзімен емес, беренсөзімен бағаланады. Белгілі бір мәселені бүге-шігесіне дейін түпкілікті зерттеу материалдарына құрылған бір номердегі үш айқара беттен тұратын «Айқара» деген жеке газетімді өз серіктестеріммен бірігіп шығару арқылы қазіргі заманауи газеттің бет-бейнесі қандай болуы керектігіне өз қал-қадірімізше барлау жасап көрген едік. 2008 жылы 23 номері ғана шыққан осы басылымды жұрт жаман қабылдаған жоқ. Сол газеттің концепциясын қазіргі мерзімді баспасөзге ұсынар едім. Шын мәнінде қазір газетте жаңалық жариялап берекет таппайсың. Газет структурасы біздің заманымызда танымдық-сараптамалық мақалаларға құрылуы тиіс деп ойлаймын. Сонда ғана біз газеттерді қорғап қала аламыз.
Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Назерке БАҚЫРАН