
Қызылордалық зейнеткерлер вакциналау науқанында белсенділік танытуда
Қызылордада вакциналау науқанына зейнеткерлер белсенді қатысып жатыр.Тіркелген мекен-жайы бойынша емханаға өз еріктерімен келген зейнет жасындағы жандар алдымен дәрігерлердің кеңесіне жүгінеді. Медициналық тексеруден кейін ғана екпе алады. Вакцина салдырғандардың арасында 64 жастағы Михаил Караченцев те бар....