Балалар байқауы мәресіне жетті

Байқаудың бірінші кезеңінде оқушылар Ыбырай Алтынсарин шығармаларын мәнерлеп оқыды. Ал, екінші кезеңде «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Таза бұлақ», «Баланың айласы», «Екі дос», «Бақша ағаштары» әңгімелерінен сахналық көрініс көрсетті.
Балалардың өнеріне «ПетроҚазақстан Құмкөл Рессорсиз» АҚ менеджері Ақтолқын Сұлтангереева, «Қоғам ТВ» бас редакторы Баян Құлтанова, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Рахметова қазылық етті.
Нәтежесінде №212 мектеп-гимназиясының өнерпаздары үздік деп танылса, екінші орынды Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп өнерпаздары, үшінші орынды Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі өнерпаздары иеленді.
Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына арналған «Ыбырайдың атасы кім болған?», «Ыбырай мектебі қай жылы және қай жерде ашылған?», т.б. көрермендерге сұрақтар қойылып, ұтымды да нақта жауап бергендерге сыйлықтар берілді.
Іс-шара бар ғұмырын қазақ балаларын оқытуға арнаған Ыбырай Алтынсариннің әдеби туындылары балалардың жан дүниесіне өте жақын екенін көрсетті.
syrboyi.kz