Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық байқауда топ жарды

Республикалық байқауда топ жарды

Жақында Алматы қаласында «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай жаққан бір сәуле» атты І республикалық байқау болып өтті.  Осы байқауға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақгүл Аққалиева 9 сынып оқушылары Ақтоты Ләтиева мен Айжұлдыз Жамалованы дайындап, байқауда бақ сынаған еді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген оқушы қатысқан байқау екі турдан тұрды. Бірінші туры  «Абай қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау»  олимпиадасы болса, екінші турда жас ақындар өз шығармашылығы бойынша мүшәйрада өлеңдерін оқыды. Байқау қорытындысы бойынша «Абай қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау» олимпиадасы бойынша Айжұлдыз Жамалова бірінші орынды иеленсе, жас ақындар шығармашылығы бойынша мүшєйрада Ақтоты Ләтиева екінші орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды.  Осындай талапты шәкірттерді байқауға дайындаған Ақгүл Жеңісқызы Алғыс хат иеленді.
Байқауға елімізге танымал қалам иелері – Қазақстан  Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан, танымал актер Дулыға Ақмолда, тіл жанашыры Омар Жәлел әділқазылық етті.
«Талапты ерге нұр жауар» дегендей, білімділігі мен шығар­ма­шылығы сынға түскен байқаудағы жеңісі үшін шәкірттеріміз бен тәлімгер ұстазын жеңістерімен құттықтап, алар асуларыңыз көп болсын дегіміз келеді.

Р. Шүкірәлиев,
№58 орта мектеп директорының орынбасары
03 наурыз 2020 ж. 944 0