Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті

Қызылордада республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті

Бүгін велоспорттан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері Жетес Сүлейменовтің жүлдесіне арналған республикалық көпкүндік жарыстың салтанатты ашылуы өтті.
Жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, салтанатты шарада велоспорттан Қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиев, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Садық Мұстафаев, велоспорттан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері Жетес Сүлейменов спорт сүйер қауымға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Биылғы жылы алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің он облысынан 15-16 жас аралығында 130 велошабандоз қатысуда.
Республикалық жарыстың алғашқы күнінде велошабандоздар 15 шақырымдық жарысқа түсті.

Дүбірлі бәсеке 5 сәуір күні аяқталады.


kyzylorda-news.kz​​​
02 сәуір 2021 ж. 371 0