Әйел мықты болған сайын теңін табу қиындайды
Мықты әйелдің жанындағы жұбына қызғанышпен қарауға әбден болады. Мықты әйелдер тұрмысқа шығуға бірден келісе салмайды. Олар азаматтың бойынан жеңімпаздың қасиеттерін екшейді. Мұндай әйелзаты тек жеңімпаздарға лайық. Өзінен осал еркектің қасында жаны жүдейді. Мақсаты жоқ жігіттер туралы тіпті айтпай-ақ қойса...