Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай аумағында жер сілкінісі болды

Қытай аумағында жер сілкінісі болды

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қытай территориясында жер сілкінісін тіркегенін хабарлады.

Ұлттық деректер орталығының оперативтік мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылдың 10 сәуірі, сағат 03:25 (Астана уақытымен; Гринвич уақытымен 9 сәуір, 22:25) Қытайда жер сілкінісі болды.

Эпицентр координаттары: 42.57° солтүстік ендік, 84.35° шығыс бойлық. Магнитудасы mb = 4.8, энергетикалық класы K = 11.5, тереңдігі h = 15 км.


kaz.inform.kz
Фото: kaz.inform.kz
10 сәуір 2026 ж. 50 0