Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстанда жер сілкінді

Тәжікстанда жер сілкінді

Жерасты дүмпуі 9 қаңтарда Астана уақытымен  сағат 2:14-те (Гринвич бойынша 8 қаңтар күні кешкі сағат 21:14) Тәжікстан аумағында тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, зілзала ошағының бағыты 38.74 градус солтүстік ендік, 73.23 градус шығыс бойлықта жатыр.

Магнитудасы mpv=5.9.

Энергетикалық класы K=12.7.

Тереңдігі h=187 шақырым.

NOVA24-LIVE Telegram арнасының https://t.me/nova24live/90170 хабарлауынша, 9 қаңтар күні сағат 2:14-те Тәжікстандағы жер сілкінісі Өзбекстанда сезілді. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы 4,0 балды болған, ал Өзбекстан аумағында сезілуі мынадай:

- Ферғана облысы: 2-3,балл, 260 шақырым

- Әндіжан облысы: 2 балл, 85 шақырым

- Наманған облысы: 2 балл, 325 шақырым.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
09 қаңтар 2026 ж. 185 0