Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының қазақстандық ұлттық деректер орталығының жедел мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша 18:27-де (Гринвич уақытымен 13:27-де) тіркелген.
Сейсмологтардың дерегіне сәйкес:
Эпицентрдің координаттары: 37.07° солтүстік ендік, 71.30° шығыс бойлық;
Магнитудасы: mb = 4.9;
Энергетикалық класы: K = 13.2;
Тереңдігі: 198 км.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат әзірге хабарланған жоқ.
Фото: baq.kz