Қазақ тілі – ғажап тілі әлемнің
Қазақ тілі – ғажап тілі әлемнің,
Қазақ тілі – әлди жыры әжемнің.
Қазақ тілі, ол – екінші бақытың,
Ең бай тілі дүниеде бар елдің.
Қазақ тілі – ана тілің, ұятың,
Осы тілде бойға білім жиясың.
Ана тілің – анаң, әкең, бауырың,
Қорлатуға тілді қалай қиясың?!
Ана тілің – арыңменен намысың,
Сөйлеген тіл үш биің, бес арысың,
Өз тіліңді биікке қой, құрметте,
Бүкіл әлем қазақ тілін танысын.
Сол тілде оқы, Отанға арнап жырыңды,
Сол тілде айт шеріңменен мұңыңды.
Шұбарлама, қорламашы өтінем,
Өгейсітпе, ей, замандас, тіліңді.
Басымды иіп қасиетті тілге мен,
Кең кеудемді мол қуаныш кернеген.
Арманым жоқ баламын ғой өзім де,
Әлемдегі ең бас тілде сөйлеген.
Ұзақбай Мұңайтпасов,
№260 орта мектептің оқушысы