Оқырман ана

Фестиваль барысында оқырман аналар: Өз оқыған кітаптарынан таныстырылым, «Ұшқыр ой» бөлімі бойынша сұрақ-жауап әзірлеп, «Көксерек» әңгімесінің желісі бойынша тест тапсырмаларын орындады. Оқырмандардың тыңдалым, айтылым, оқылым дағдыларын бағалау мақсатында аудио-бейне материалдар бойынша жұмыс жүргізілді.
Оқырманның зейін-зердесін кеңейтіп, рухани азық сыйлайтын шараға аналар белсене араласып, өздері оқыған кітаптарының желісі бойынша әңгімелеп, өзара бақ сынасты. Шара барысында үздік нәтиже көрсеткен оқырман аналар:
«Ең үздік оқырман ана» номинациясымен (Құлмамбетова Жанар), «Белсенді ана» номинациясымен (Қаласова Жазира), «Талапты ана» номинациясымен (Жолдасова Света), «Өнерлі ана» номинациясымен (Алдабергенова Айгүл), «Білімді ана» номинациясымен (Жүсіпова Бағдат) және «Аяулы ана» номинациясымен (Қалыбекова Күлән) марапатталды.
Кітап – бар білімнің бұлағы. Адамның санасына нұр құйып, рухани әлеміне әр беретін қасиетті құндылық. Озық ойлы оқырманымыз көп болсын!
М. НЫСАНАЛИЕВА,
№20 З.Шүкіров атындағы орта мектеп кітапханашысы