Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кітап оқып, рухани бай болайық!

Кітап оқып, рухани бай болайық!

Кітап – рухани қазынамыз,байлығымыз,өмірдің айнасы,тарихымыздың шежіресі және де оқу тәрбие құралы.
Пайда ойлама,ар ойла,
Талап қыл,артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге,-деп Абай атамыз айтқандай рухани азықтың бастау бұлағы болып табылатын кітаптың адам өміріндегі алатын орны бөлек. Президентіміз: «Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі.Қазіргі уақыт – сәт сайын жаңарған ақпарат заманы.Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн»-деген болатын.Осы орайда оқушылардың қызығып оқитын кітаптарын көптеп шығарып,ауылдардағы мектептерге таратудың маңыздылығын ескере отырып,мемлекет басшысы:Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Оқуға құштар мектеп»жобасын қолға алды.
Жоба барысында мектеп қасындағы кітапханалардың жоспар бойынша мектебімізде түрлі іс-шаралар жалғасын табуда.Атап айтатын болсақ, Мерейтойлы ақын-жазушыларды насихаттау,оқушы мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты етене қалыптастыру мақсатында «Үздік оқырман отбасы», «Кітап оқы да тренд те бол», «Үздік оқырман сынып», «20 минуттық кітап оқу», «Өзің оқы да,өзгеге ұсын»акциясы, «Әлем әдебиетін бірге оқимыз»т.б.түрлі іс-шаралар кітап оқудағы кезкелген баланы дамытып, ұшқыр ойға жетелейді.Яғни көркем әдебиеттерді оқып қана қоймай оқыған кітабын,әңгімелеу,суреттеу,мазмұндау,сахналау жұмыстары баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырумен қатар рухани құндылығымызды,тарихи деректердікелешек ұрпақ бойына дарытып,ішкі жан дүниесі бай болатыны сөзсіз.Өйткені адамның жан дүниесі мен іштегі тебіренісін,оның өмірге деген көзқарасын кітаптан артық жеткізер құралдың жоқтығы анық.
«Адамды адам еткенкітап,адамзат еткен кітапхана», - деп Ә.Кекілбаев атамыз айтқандай кітап оқу арқылы адам бойындағы ашылмай жұмбақ болып жатқан қасиеттерін,шабытын ашатын бірден бір құрал екені айқын.Ендеше кітап оқып,рухани бай болайық!
Ақмарал Досаева,
№74 орта мектеп кітапханашысы
11 сәуір 2023 ж. 1 198 0