Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Уақыт сұранысына дайын оқу ордасы

Уақыт сұранысына дайын оқу ордасы

1959 жылы Арал ауданының Сульфат поселкесінде №169 селолық кәсіптік-техникалық училище болып ұйымдастырылған білім ордасы қазіргі таңда заман талабына сай, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сапасын арттыру,  кәсіптік оқыту және сұранысқа ие мамандық алу үшін кадрлар даярлауда.
Колледждің жалпы ауданы – 70 380 шаршы метр. Колледжде 2 оқу корпусы, 4 шеберхана, 4 зертхана, техникалық қызмет көрсету орталығы, гараждар сынды 8 ғимарат бар. Теориялық 20 оқу кабинеті, мультимедиялық 2 кабинет, медпункт, спорт залы, акт залы, кітапхана студенттер үшін тиянақты қызмет жасайды. Корпустың әр оқу қабатында wi-fi роутер орналастырылған. Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету және  мамандар даярлау мақсатында барлық оқу кабинеттері, шеберханалар мен зертханалар қажетті жаңа үлгідегі оқу-өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Иә, колледждің оқу кабинеттері, оқу алаңдары, оқу-өндірістік шеберханалары, спорт алаңдары санитарлық талаптарға және белгіленген жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес келеді.
ҚР Тұңғыш президентінің Үшінші әлеуметтік бастамасына сәйкес, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік серіктес ЖШС «Аралқұрылыс» өз ғимаратына реконструкция жасап, 75 орындық  жатақханамен қамтамасыз етіп, 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап  ауылдық жерден келген студенттерді орналастырған. Жатақхана жұмысының жоспары жасалынып, тиісті жұмыстар атқарылған.Студенттер жатын бөлмеге орналастырылған. Бөлмелер қажетті құрал-жабдықтармен, wi-fi  жүйесімен жабдықталған.
Біздің колледжде даярланатын мамандықтар жалпыға міндетті білім беру стандартына сай оқу жоспарларының жалпы білім беру, базалық модульдер, кәсіптік модульдер циклы бойынша базалық білімі мен біліктілігі сәйкес келетін оқытушылармен, өндірістік оқу шеберлерімен толық қамтамасыз етілген.
Биылғы 2024-2025 оқу жылында 285 студент білім алуда. Оқу-тәрбие үдерісін саналы да сапалы мамандар даярлау барысында колледжде «Студенттік парламент», «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы, «Ұшқыр ой» дебаттық клубы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтары  жұмыс жасаған. Колледждің «Ұшқыр ой» дебаттық клубы жылдық жоспары бойынша өз жұмыстарын атқарған.  Клуб құрамында 12 студент бар. Клубқа колледждің жас ұстазы Ғалия Асқарова жетекшілік жасаған. 2021 жылы дебаттық клуб командасы «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында өткен. Қызылорда облыстық студенттер пікірсайыс турнирінде жүлделі ІІ орын иеленді.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша колледждің «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы жұмыстар атқарған. Клуб жетекшісі, қоғамдық пәндер мұғалімі Айгүл Қожамсүгірова құқық қорғау мекемелерімен бірлесіп студенттермен кездесулер, диспуттар, жиналыстар өткізіп тұрды.
Студенттердің Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттарды тәрбиелеу мақсатында колледжде «Жас сарбаз» клубы  тұрақты түрде жұмыс жасап тұр. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі  бөлімімен бірігіп, түрлі шаралар өткізіп келеді. Клуб құрамы 50 студентті құрайды.
Колледжде оқу үдерісін ұйымдастыру оқытудың дуалды, модульдік-құзіреттілік, модульдік-кредиттік тәсілдерімен ұйымдастырылған. "Арал көпсалалы колледжі" КМҚК-не білім алушыларға практикалық жұмыстар жүргізу түріндегі оқу мақсаты үшін Арал ауданы, Аралқұм ауылдық округі  "Шеңгене базы" өңірінен көлемі – 2000 га жер учаскесі тұрақты пайдалануға беріліп, қазіргі таңда ірі қара және ұсақ малдары бар қосалқы шаруашылық жұмыс жасап тұр.
Колледжде қазіргі таңда оқыту процесі бойынша оқытудың дуалды әдісімен 94 студент,  модульдік-кредиттік әдістеме негізінде 191 студент білім алуда. Білім алушылар дуалды оқыту бойынша ауданымыздағы өндіріс орындарында, шаруашылық серіктестіктер мен мекемелерде өндірістік тәжірибеден өтіп, мамандық бойынша теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде одан әрі шыңдайды. "Аралтұз" АҚ, "Арал құрылысы" ЖШС, "Аралагропромтехника" ЖШС, Аудандық халыққа қызмет көрсету мекемесі және тағы басқа мекемелермен өндірістік тәжірибеден өту туралы келісім-шартқа отырылған. Және жоспарлы түрде іске асырылып келеді.
Арал көпсалалы колледжі 2019 жылы АҚ "АТҚО"-нан институционалды және мамандандырылған аккредиттациядан 5 жылға барлық 7 мамандық бойынша акредиттеуден өткен. Олар: Маркетинг, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Фермер шаруашылығы, Ауылшаруашылығы техникаларын жөндеу және күту, Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары, Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану.
Оқу-тәрбие үрдісін бақылау мақсатында әртүрлі бақылау, тексеру жұмыстарынан да сәтті өтіп, колледж қызметі одан әрі өз жұмысын жалғастыруда. 2015, 2023 жылдары мемлекттік аттестациядан сәтті өттік.                              
Worldskills – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Worldskills чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекеттерде болады, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар қатысады. Осы сайысқа біздің колледж студенттері 2016 жылдан облыстық деңгейде қатысып келеді.  "Тас қалау", "Жеңіл автомобильдерді жөндеу және  қызмет көрсету", "Ауылшаруашылығы техникаларын жөндеу" құзіреттіліктері бойынша сайысқа қатысып, жүлделі ІІ, ІІІ орындарға ие болды. «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және  қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша колледж студенті Д.Амангелдиев (2019 жыл) қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленген. 2020 жылы қазан айында "WorldskillsKyzylorda-2020" облыстық байқауында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және  қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша колледж студенті  Д.Нұрбек қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
2021 жылы қазан айында "WorldskillsKyzylorda-2021" облыстық байқауында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және  қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша колледж студенті Н.Нұрбекұлы қатысып, жүлделі І орын иеленіп, Қостанай қаласында өткен "WorldskillsKazakhstan-2021" республикалық байқауда «Үздік шебер» аталымы мен сертификатқа ие болған. Оның жетекшісі Нұрхан Сарбөпеев.  2022жылы Жұбаев Мейрамбек облыстық кезеңнен жүлделі ІІІ орын алды.
«Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша  Шарипов Данияр «WORLDSKILLS -2022 Kyzylorda» III орын, 2023жылы Жұманов Дарханбек ІІ орын алды. Жұманов Дарханбек  2024жылы  I орын иеленіп, Астана қаласында Республикалық кезеңіне қатысып медальон иеленіп келді. Жетекшісі Назаров Ғафур.
 2020 жылы республикалық «Шебер педагог» байқауының жеңімпазы, колледж оқытушысы  Гүлнар Матниязова І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020 жылы  «Социологические науки» секциясында «Лучшая научная работа» І дәрежелі сертификатты колледж оқытушысы Динар Жұмаева алды. 2021 жылы «Таlap»  КЕАҚ-ң республика көлемінде өткізген рейтинг нәтижесі бойынша Қызылорда облысы бойынша қатысқан 12 колледж арасында 55,4 ұпаймен IV орынға ие болып жақсы жетістікке қол жеткізді.  2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өнерім Тәуелсіз еліме» атты облыстық патриоттық әндер байқауында колледж студенті Ж.Құлмұрзаева ІІ орын, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру  ұлттық орталықтың ұйымдастыруымен Ұлы Отан ардагері, әйгілі партизан, Қазақстанның халық қаһарманы Қ.Қайсеновтың жауынгерлік жолына арналған «Өшпес ерлік даңғылы» оқушылардың облыстық тарихи ізденіс, ғылыми жоба байқауында «Эссе» жанры бойынша Б.Сейітов ІІІ орын,   «Кәсіптік білім - еңбек нарығына екпінді қадам» тақырыбы аясында  техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында өткізілген «Жас құрылысшы» атты облыстық байқауда Д.Шарипов ІІ орын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған облыстық конференцияда «Автомобиль көлігі қандай болу керек?» атты баяндама жасаған Ө.Төремұратов ІІ орын, Нұрхан Сарбөпеев, Алтынай Баймбетовалар Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған. 2021 жылы Үздік педагогикалық мақала республикалық байқауының «Үздік мақала» аталымы бойынша Нұрхан Сарбөпеев, Г.Нұрымбетова І орын алды. 2022 жылы «Кәсіптік білім: Еңбек нарығына екпінді қадам» тақырыбы аясында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім алушылары арасында өткізілген «Жас құрылысшы» облыстық байқауында студент Д.Шарипов жүлделі ІІ орын алды. Ал Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында өткізілген физика пәнінен өткен олимпиадада колледж студенті М.Нұрғазиева арнайы сертификат иеленді. 2024жылы Көкшетау қаласында өткен «Слесарь ісі» кәсіби шеберлік байқауында Н.Сарбөпеев Алғыс хатпен марапатталды. 2024 жылы Республикалық жылдың үздік педагогы байқауында М.Аралбекқызы Ідәрежелі Дипломмен марапатталды. 2025жылы Облыстық  «Жас электрик – 2025» турнирінде студенттер С.Тәуіржанұлы, К.Сейітов және жетекшісі А.Аймұрзаев І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Міне, колледж студенттерінің білім сапасының арқасында осындай нәтижелерге жетіп отырмыз.
Студенттерге сапалы біліммен қатар салауатты өмір салтына бейімделген, жаны мен дені сау, мәдениетті саналы ұрпақ дайындау - заман талабы. Білімнің әрбір адам өміріндегі алатын орны ерекше. Соған байланысты жас ұрпаққа білім нәрін берумен қатар, оларға құқықтық тәрбие беру маңызды орынға ие. Жастарды болашақ мамандыққа дайындау мақсатында алпыс жылдық тарихы бар Арал көпсалалы колледжінде арнаулы білім мен саналы тәрбие беру бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Оқу орнына 2020 жылы толық күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу қазандығына газға қосылған, барлық ғимараттарға жылу жүйесі жеткізілген.Жалпы саны 60 бейнекамера орнатылған. Кәсіптік білім беру ұйымдары студенттердің ойлау қабілетін, адамгершілігінің және күш-жігерінің қалыптасуына, үздіксіз білім алуына және өз бетінше дайындалуына жағдай жасай отырып, жеке қасиеттерінің кең көлемде ашылуына ықпал етеді.
Жалпы колледждің 11 мамандық бойынша 26 біліктілікке мамандар дайындауға лицензиясы бар. Барлық мамандық бойынша оқу кабинеттері, зертханалар мен шеберханалар жабдықталған. Барлығы 20 оқу кабинеті мен 9 зертхана мен шеберхана бар. Тәжірибе жинақтау сабақтары автомобильдерге техникалық қызмет көрсету орталығында өтеді. Мамандарды дайындауда білімі мен біліктілігі сәйкес оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері дәрістер беруде.
Колледжде  2023 жылы Тәрбие орталығы ашылып белсенді жұмыстар атқарылуда.  Тәрбие орталығында  «Ардагерлер бөлмесі», «Жастар кабинеті», «Мансап орталығы», "Кәсіби бағдар  беру" кабинеттері  жүйелі де үйлесімді  жұмыс жасайды. 

Нұралы ӘБІШОВ,
Арал көпсалалы колледжінің директоры
---
08 сәуір 2025 ж. 32 0