Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Абай мұрасы – мәңгілік қазына

Абай мұрасы – мәңгілік қазына

Арал аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері «Руханият орталығында» орналасқан аудандық Абай кітапханасында болып, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасымен танысты.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесінде ұлы ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, хикмет кітаптары қойылған. Сондай-ақ кемеңгердің өмір жолы, шығармаларына арналған ғалым-жазушылардың зерттеулері мен еңбектері де бар.
Кітапхана қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтып, ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық ойлармен бөлісті.
«Адамзаттың Абайы» атанған даңқты бабамыздың қайсы заманда да маңызын жоймаған баға жетпес құнды еңбектерінен сусындай білсек, рухани деңгейі жоғары, ынтымағы мен ырысы тасыған өркениетті ел боларымыз анық.

Арал аудандық соты
---
11 тамыз 2025 ж. 114 0