Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫ!

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫ!

Құрметті жерлестер!
Сіздерді ел тәуелсіздігінің берік тұғыры, демократиялық құндылықтарымыздың негізі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Биыл ел өміріндегі саяси әрі аса маңызды құжат саналатын Ата заңымызға 30 жыл толып отыр.
Бұл – еліміздің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуының жарқын белесі. 
Конституция – халқымыздың бірлігін, мемлекетіміздің тұрақтылығын, әр азаматтың құқығы мен еркіндігін айқындайтын басты құндылық.
Ел Президенті Конституцияның сенімді кепілі бола тұра, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық мемлекет құрудың бағытын берік ұстанып келеді.
Бүгінде ауданның қай саласында болсын оң өзгерістер қалыптасып келеді. Өнеркәсіп пен қаржылық саясатты немесе ауыл шаруашылық пен әлеуметтік ахуалда тұрақты дамуы тенденциясы қалыптасып отыр. Ал баянды бастамалар мен кешенді жобалардың жемісін ел көріп келеді. Қазіргі таңда еліміздің ең маңызды салаларында оң өзгерістер бар.
Ардақты ағайын!
Береке-бірлікті ең басты құндылық санайтын еліміздің салмақты саяси құжатына айналған Конституциямыздың 30 жылдық мерекесі тағы да баршаңызға құтты болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін! 
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз және оның орнықты дамуына негіз болған Ата Заңымыз нығая берсін! 
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев
---
30 тамыз 2025 ж. 524 0