Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ҰЛТТЫҚ АТ БӘЙГЕСІ ӨТТІ

«АЛТЫН КҮЗ – 2025» ҰЛТТЫҚ АТ БӘЙГЕСІ ӨТТІ

Кеше қалалық ипподромда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай және Қала күні аясында  «Алтын күз – 2025» ұлттық ат бәйгесі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты. 
Сыр еліндегі дүбірлі додада еліміздің әр аймағынан келген 70-ке жуық шабандоз бақ сынап, жеңімпаздар анықталды.
Атап айтсақ, 5 шақырымдық тай жарыста  І орынды Жамбыл облысынан Нұрислам Амангелді, ІІ орынды Шиелі ауданынан Төрехан Бейбарыс, ІІІ орынды Жамбыл облысынан Әбіқадыр Санжар жеңіп алды.
11 шақырымдық құнан бәйгеде  І орынды Сырдария ауданынан Абдулашим Рамазан, ІІ орынды Шиелі ауданынан Рамазан Нұрлыбекұлы, ІІІ орынды Жалағаш ауданынан Рауан Нартайұлы иеленді. 15 шақырымдық
тоқ бәйгеде І орын Жамбыл облысынан келген Нұрасыл Танатқа, ІІ орын Алматы облысынан келген Болат Әбдікәрімге, ІІІ орын жаңақорғандық  Төрехан Сұлтанға бұйырды. 25 шақырымдық
аламан бәйгенің І орны  Ұлытау облысынан Болат Әбдікәрімге, ІІ орны Жамбыл облысынан Орынбасар Нұрымға, ІІІ орны Жамбыл облысынан Мақсат Нұржігітке табысталды.
Жүлделі орын иелеріне ақшалай сертификаттар берілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
---
19 қазан 2025 ж. 71 0