Мексикадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті
Мексикадағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 72 адам қаза тапты, тағы 48 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы елдің апат салдарын бақылау жөніндегі үкіметтік порталы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Зардап шеккендердің көбі Веракрус штатында тіркелген – мұнда 32 адам көз жұмған. Идальгода 21, Пуэблада 18 және Керетарода бір адам қайтыс болғаны нақтыланды.
Елдің оңтүстік және орталық өңірлері табиғи апаттан ең көп зардап шекті. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, жүздеген адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.
Федералды билік су басқан аймақтарда инфрақұрылымды қалпына келтіру, жолдарды тазарту және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Фото: baq.kz










