Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 41-ге жетті

Мексикада нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 41-ге жетті

Мексиканың 5 штатында толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 41-ге жетті, деп хабарлайды ТАСС.

    — Мемлекеттік билік өкілдері 41 адам қайтыс болғанын хабарлады. Веракруста — 15, Пуэблада — 9, Идальгода — 16 және Керетарода — 1 адам. Жоғалған 27 адамды іздеу жалғасып, олардың отбасыларына қолдау көрсетіліп жатыр», — делінген Қоғамдық қауіпсіздік және азаматтарды қорғау министрлігінің хабарламасында.

Департамент 6-9 қазан аралығында Мексиканың кейбір аймақтарында қатты жауын-шашын жауғанын айтты. Веракруста — 540 мм, Пуэблада — 487 мм, Сан-Луис-Потосиде — 298 мм, Идальгода — 245 мм, Керетарода — 232 мм жаңбыр жауды.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаумның бұйрықтарынан кейін зардап шеккен аудандарда азаматтық қорғаныс жоспарлары жасалып, армия мен флот бөлімшелері орналастырылды. Уақытша баспаналар және жылжымалы су тазарту қондырғылары орнатылды.

Федералдық электр комиссиясының мәліметінше, зардап шеккен 5 штатта 320 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалған. Оған қоса, 1000 шақырымнан астам жол зақымданды. Қазір тұрғындардың 75% электр қуатымен қайта қамтылды. 


Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: АР

12 қазан 2025 ж. 56 0