Мексикада нөсер жауын үйлерді қиратып, адамдар қаза тапты

El Tiempo MX газетінің мәліметіне сүйенсек, жаңбыр 22 тамыз, жұма күні басталып, сенбі таңына дейін жалғасқан. Ливень Морелостың Куэрнавака, Шочитепек, Эмилиано Сапата және Хьюпитек қалаларын қамтыған.
Ла-Хойя ауданында қираған ғимараттарда іздестіру жұмыстарын жүргізген Мексика Қызыл Крестінің құтқарушылары қамалып қалған 28 адамды эвакуациялады. Аймақтағы судың деңгейі шамамен 1,8 метрге жетіп, құтқару жұмыстарына кедергі келтірді, – делінген хабарламада.
Морелос билігінің мәліметінше, жалпы 43 тұрғын үй мен бірнеше көше қатты зардап шеккен. Халыққа қолдау көрсету үшін құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ тұрғындарды қауіпті аймақтардан көшіру басталды.
Фото: baq.kz