Мәнерлеп сырғанау: Жерлесіміз жеңімпаз атанды

Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған “Denis Ten Memorial Challenge” бәсекесінде қызылордалық талантты спортшы Артур Смағұлов үздік өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды.
Жалпы дәстүрге жалғасқан биылғы додаға 18 елдің үздік спортшылары бақ сынады. Олардың қатарында Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Канада, Қытай, Финляндия, Грузия, Италия, Оңтүстік Корея, Швеция, АҚШ, Эстония, Испания және Германиядан келген мәнерлеп сырғанаушылар бар.