Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денис Тенді жаттықтырған әйгілі бапкер өмірден өтті

Денис Тенді жаттықтырған әйгілі бапкер өмірден өтті

Кеше 85 жасында әлемге танымал америкалық мәнерлеп сырғанаушы тәлімгер Фрэнк Кэррол көз жұмды. Бір кездері ол отандасымыз Денис Тенді жаттықтырып, тәжірибесін бөліскен болатын.

Әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанау шебері ұзақ жылғы жаттықтырушылық мансабында оннан астам кәсіби спортшыларды дайындап, олар өз елінің абыройын асқақтата білді.

Атап айтсақ, Кэррол Олимпиада және әлем чемпионы Эван Лисачек, бес дүркін әлем чемпионы Мишель Кван және екі дүркін әлем чемпионы Линда Фратианнаны жаттықтырған.

Талантты шәкірттердің қатарында қазақстандық Денис Тен, Тимати Гэйбл, Грейси Голд және басқа да спортшылар бар.

«Америка мәнерлеп сырғанау спорты аңызға айналған жаттықтырушы Фрэнк Кэрролдың қайтыс болуына байланысты қайғы жамылды. Ол көптеген олимпиада және әлем чемпиондарын, сондай-ақ көптеген Даңқ залының мүшелерін тәрбиелеп шығарды» делінген АҚШ мәнерлеп сырғанау федерациясының мәлімдемесінде.

Фрэнк Кэррол алты жыл бұрын бапкерлікпен қош айтысқан.

Ол өмірінің 60 жылға жуық уақытын жоғары санатты мәнерлеп сырғанаушыларды дайындауға арнады.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
10 маусым 2024 ж. 917 0