Алан Құрманғалиев Қытайдағы турнирде қола жүлде еншіледі
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Алан Құрманғалиев жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.
Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Алан Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.
Фото: massaget.kz










