Қар жауады: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
massaget.kz
Фото: depositphotos.com
Қазгидромет 13, 14, 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай өңірлерде қар жауады?
Алдағы күндері атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар болжанып отыр. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
15 қазанда елдің шығысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды. Жел күшейіп, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Ауа температурасы төмендейді:
солтүстік-батыста күндіз +10…+22 градус;
солтүстікте түнде -1…-6 градус, күндіз +3…+13 градус;
орталықта түнде -6…+3 градус, күндіз +4…+15 градус;
шығыста түнде -5…+5 градус, күндіз -1…+9 градус;
оңтүстік-шығыста түнде +5…+10 градус, таулы аудандарда -2…+3 градус, күндіз +10…+22 градус, таулы аудандарда +5…+10 градус болады.










