Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҮК КӨЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ІСТІҢ МӘН-ЖАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖҮК КӨЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ІСТІҢ МӘН-ЖАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қытайдың 39 мигрантының мәйіті салынған жүк көлігі Ұлыбританияны құрлықтық Еуропадан бөліп тұрған бұғазды бір апта бұрын кесіп өткен деп хабарлайды inform.kz
Жалға алынған жүк көлігі бұған дейін босқындарға арналған Француз лагерлерінде болған. Содан кейін Бельгияға аттанған. Одан ары Пурфлитқа сапар шеккен. Жүк көлігін бір аптаға жалға алу құны 250 фунт стерлинг болған. Және ол адамдарды Ұлыбританияға контрабандалық жолмен тасымалдау үшін бірнеше мәрте пайдаланылған.
Адамдар мұздағаннан немесе оттегі жетпегеннен көз жұмған болуы мүмкін. Жүк көлігіндегі температура минус 25 градусқа дейін төмендеген.
39 мигрант жүк көлігіндегі мұздатқыш трейлерде бірнеше күн қамалған болуы мүмкін. Олар Қытайдың Фуцзянь провинциясынан келген. 
Тұтқынға алынған жүргізуші Ирландияның Дублин қаласынан Холихед қаласына келіп, көлікті аоып, Пурфлитке жүрген. Жүк көлігі баратын соңғы нүкте өнеркәсіптік кешен болған. Құжаттарды тексерген кезде 31 ер адам мен 8 әйелдің көз жұмғаны анықталған. Полиция жүк көлігін ашып, мәйіттерді тапқанда жүргізуші есінен танып қалған. Дегенмен құқық қорғау органдары ол мигранттарды тасымалдап бара жатқанын білді деп санайды. 
Жүк көлігі Болгарияның Варна қаласындағы бір компанияға тіркелген. Ал ол компания Ирландия азаматына тиесілі болған. Бірақ жүк көлігінің қожайыны оны Солтүстік Ирландияның бір компаниясына бір жыл бұрын сатып жібергенін айтқан. 
Істі тергеуге Қытай тарапы да қосылған.
27 қазан 2019 ж. 599 0