stan.kz Ғалымдар қатерлі ісікпен күрестің әмбебап әдісін тапты. Бұл әдіс - адамның сау жасушаларға тиіспестен қатерлі ісік жасушаларымен дербес күресу үшін иммундық жүйесін бағдарламалау. Кардифф университетінің ғалымдар тобының ашқан жаңалығы дәрігерлерге адамның иммундық жүйесін рак клеткаларына қарсы «түзетуге» мүмкіндік береді. Бұл онкологиялық аурудың әмбебап еміне есік ашуы мүмкін. Бұл әдіс әлі клиникалық сынақтан өтпеген, бірақ зерттеушілер оның үлкен әлеуеті бар дейді. Жұмыстың қысқаша мазмұны Nature иммунология журналында жарияланды.