БАӘ-де зәулім үй өртенді
kaz.tengrinews.kz Біріккен Араб Әмірліктерінің Шаржа қаласында зәулім үйден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Khaleej Times басылымы Twitter желісінде оқиға орнынан видео жариялады.Роликтен бүкіл ғимараттың (түрлі мәлімет бойынша, онда 45-тен 48 қабатқа дейін бар) өртеніп жатқанын көруге болады.









