Аралда мектеп өртенді
Өрт оқиғасы Арал ауданындағы елді мекендердің бірінде тіркелді, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.«23 ақпан күні сағат 11 жарымға таман өрт қауіпсіздігі қызметіне Қамбаш қыстағындағы №21 мектептің өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Белгілі болғандай, ғимараттың үстіңгі жабындысы тілсіз жауға оранған. Арнайы құтқару қызметінің өкілдері оқиға орнына жеткенге дейін ерікті өрт сөндірушілер мен ауыл тұрғындары сағат 12.20-ға дейін ауыздықтады», - дейді ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Оның айтуынша, зардап шеккен ешкім жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес тілсіз жау пешті құру кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауы салдарынан болуы мүмкін.









