Асқабақ жеген екі әйелдің шашы түсіп қалды

Асқабақтан жасалған ащы сорпамен тамақтанған әйелдің жағдайы нашарлаған. Оның жүрегі айнып, құсқан және іші өткен. Бір апта өткен соң ол шашының және денесіндегі түктердің түсе бастағанын байқайды.
Екінші әйел де отбасының ортасында асқабақтан дәм татқан, алайда оның отбасы мүшелеріне асқабақтың дәмі ұнамағандықтан одан бас тартқан. Әйел уланған асқабақты қомағайланып көп жеп қойған. Бұл жағдайда шаштың түсуі үш аптадан кейін байқалған.
Бірнеше ай өткен соң шаш жайлап қалпына келе бастайды. Мамандардың айтуынша, түспей қалған бірең шаш жіңішкеріп, қатты зақымданған.
Baq.kz