Владимир Путин президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін айтты

«Өзім үшін әлі шешім қабылдамадым. Егер Конституцияда мүмкіндік жасалса, сайлауға түсуім туралы ықтималдылықты жоққа шығармаймын. Оны алдағы уақыт көрсетеді», - деді ол.
Бұл ретте, В.Путин шенеуніктерге оның ізін басатын адамды қазірден іздеп кетпей, өз жұмыстарымен айналысуды ескертті. «Ізбасарды іздеумен емес, жұмыспен айналысу қажет», - деді РФ басшысы.
Ресей Президенті Конституцияға өзгеріс енгізу ұсынысы өте орынды екеніне сенімді.
«Қолданыстағы Конституцияға түзетулер қабылдап жатқанымыз өте дұрыс екеніне кәміл сенемін», - деген ол, соңғы айлардағы оқиғалар соған дәлел бола алатынын айтып өтті.
«Қазіргі Конституция ерекше кезеңде – танкілер парламентке оқ жаудырып, Мәскеуде қақтығыстар болып жатқан, өткір ішкісаяси дағдарыс жағдайында қабылданды», - деп еске салды ол.