ДДСҰ: Пандемия таралу шегіне жеткен жоқ

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында айтылды.
Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, соңғы күндері 400 мыңнан астам адамнан «Ковид-19» инфекциясы анықталған. Яғни, індет тек үдей түсті. Дегенмен, кейбір ел өлім-жітімнің санын азайтса, кейбірінде адам шығыны көп, дейді мамандар. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүкіл әлем бойынша шамамен 12 миллион адамнан COVID-19 анықталса, олардың 540 мыңнан астамы қайтыс болды.