Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Барселона" бірден бірнеше ойыншымен қош айтыспақ

"Барселона" бірден бірнеше ойыншымен қош айтыспақ

"Барселонаның" жаңа бапкері Рональд Куман клубтың бас директорымен кездесу өткізіп, келісімшарт тоқтатылатын футболшылар тізімін анықтады, - деп хабарлайды Mundo Deportivo.
 
Бұл футболшылар қатарында қорғаушы Самюэль Юмтити, жартылай қорғаушылар Артуро Видаль мен Иван Ракитич және шабуылшы Луис Суарес. 
Алайда команда "Аякстан" Донни ван де Бек пен "Наполиден" Фабиан Руистің трансферін жасауға асықпайтын көрінеді. "Барселона" басшылығы келесі маусым команда үшін өтпелі болады деп есептейді, сондықтан, аталған ойыншыларға ақша шығындамақ емес. 
Ал шабуылшылар қатарындағы уругвайлық Луис Суарестің орнын қымбат ойыншымен алмастырмақ - "Интер" форварды Лаутаро Мартинес. 
Ракитич "Барселона" сапында 2014 жылдан, Юмтити - 2016, ал Видаль - 2018 жылдан бері ойнап келеді.
kaz.vesti.kz

26 тамыз 2020 ж. 546 0