Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Барбара Буш қайтыс болды

Барбара Буш қайтыс болды

АҚШ тарихында күйеуі мен ұлы президенттікке сайланған әйел Барбара Буш 92 жасында дүниеден өтті. Ол республикалық саяси династияның өкілі әрі АҚШ ханымы ретінде елге сыйлы болды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі СNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Абигейл Адамстан кейін Барбара Буш – күйеуі де, ұлы да президент болған АҚШ тарихындағы ерекше жан. Барбара ірі саяси тұлға ретінде белгілі болды, ал оның жолдасы Джордж Буш вице-президент, президент қызметтерін атқарған. Ақ үйден кеткен соң Барбара өз ұлдары Джордж бен Джебтің баспасөз хатшысы болып жұмыс істеген.
Барбара Буш – алты баланың анасы, оның кішкентай қызы Робин лейкемиядан қаза тапқан болатын. Қалған балаларын 1950-60 жылдары Техаста әскери бумнан кейін, қиын кездерде өсірген. Күйеуі Джордж Бушпен 30 жыл бойы саяси мансап құру жолында бірге күрескен. 1988-93 жылдары үлкен Джордж Буш президент болды. Барбара балалардың білімсіздігімен күресіп, обыр ауруына шалдыққандарға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, көмек берген.
Барбара: «Мен білім алуды қолдаймын, осы жолды таңдап, балалардың білімсіздігімен күресемін. Өйткені, адамдар оқып, жазып, түсіне білсе, біздің елді кері тартатын көптеген фактор жойылатын еді» деген болатын. Сондай-ақ, Барбара Буш өмірбаяндық кітаптар жазумен шұғылданған.
2001 жылы баласы Джордж Буш президенттікке сайланған кезде, Барбара күйеуі мен ұлының осы қызметке жеткенін өз көзімен көрген жалғыз әйел ретінде тіркелді. Ал кіші ұлы Джеб Флорида штатының губернаторы қызметін атқарған.
Барбара Бушқа 1988 жылы ақ халаттылар «Грейвс ауруы» диагнозын қойды. 2009 жылы жүрегіне ашық ота жасалды.
Ағылшын тілінен аударған
Алтынай Қуанышбек
Baq.kz
18 сәуір 2018 ж. 1 252 0