ДДСҰ қашықтан оқудың балалардың психикасына әсерін айтты

Бірақ оның ұзақ мерзімді салдарын зерттеу қажет. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының психоактивті заттар және аддиктивті мінез-құлық саласындағы маманы Владимир Позняк айтты, деп хабарлады РИА Новости.
«Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер COVID-19 пандемиясының психоәлеуметтік әсеріне осал. Өйткені балалық және жасөспірімдік кезеңдер нейробиологиялық, мінез-құлық және әлеуметтік дамудың маңызды кезеңі болып табылады. Жасөспірім кезеңде құрбы-құрдастырымен өзара байланыс, олардың әсері өте маңызды. Физикалық дистанциялық шаралар мен COVID-19 таралуын тежеуге бағытталған шаралар балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен өзара байланыс орнату қабілетін төмендетеді, бұл психикалық денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін», - деді Позняк.