Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 жасар қыз 80 келілік зілтемірді көтеріп, жұртты таңғалдырды

7 жасар қыз 80 келілік зілтемірді көтеріп, жұртты таңғалдырды

Канадада тұратын 7 жасар қыз 80 келілік штанганы көтерді деп хабарлайды dailymail.co.uk.
Жеті жасар Рори ван Ульфт 80 келілік штанганы көтере алған. Оның бойы Бойы 122 сантиметр.
Ол жақында ауыр атлетикадан 11 және 13 жасқа дейінгі балалар арасында 30 келіге дейінгі салмақтағы АҚШ чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
Рори байқау тарихындағы ең жас жеңімпаз атанып отыр. Ал әкесі қызын "әлемдегі ең мықты қыз" деп санайтынын айтады.
Рори бес жасында гимнастика сабағында жаттықтырушылардың көзіне түскен соң кейін ауыр атлетикаға бет бұрған болатын. 
Рори гимнастиканы көбірек ұнатады. Ол гимнастикаға аптасына тоғыз сағат жұмсайды, ал ауыр атлетикаға төрт сағатын арнайды.
alashainasy.kz
14 желтоқсан 2020 ж. 658 0