Дубай мен Анкарадағы биік ғимараттар Қазақстан туының түсіне боялды

«Тәуелсіздік мерекесіне орай Бурдж Халифадан Нұр-Сұлтан уақытымен 21.40-та Қазақстан туының бейнесі көрсетілді», – делінген БАӘ-дегі ҚР елшілігінің хабарламасында.
Желі қолданушылары көк түске боялған алып ғимарат көрінісін БАӘ-гі Қазақстан елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан көре алады.
Сондай-ақ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне байланысты Түркия астанасы Анкара қаласының төріндегі TOBB ғимараты да көк байрақтың түсіне енді.
kyzylorda-news.kz«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты Түркияның елордасы Анкара қаласының төрінде TOBB ғимаратында бүгін көк байрағымыз желбіреді», – делінген Қазақстанның Түркиядағы елшілігі әлеуметтік желісіндегі хабарламада.
