Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио көшелерінде қол жуу станциялары пайда болды

Токио көшелерінде қол жуу станциялары пайда болды

Токио көшелерінде қол жууға және смартфондарды дезинфекциялауға арналған станциялар пайда болды.
Жоба авторлары осылайша коронавирустың таралуын болдырмау үшін азаматтарды қолды жиі жууға шақырып отыр. Айта кетейік, аталған станциялар су құбырына қосылмаған. Ондағы 20 литр су қолданылып болған соң үш сатылы тазартудан өтіп, адамдарға қайта беріледі екен. Әзірлеуші компания өкілдері енді бүкіл ел бойынша осындай 4 мың станция орнатуды жоспарлап отыр.
22 желтоқсан 2020 ж. 504 0