Канадада ежелгі қасқырдың мумиясы табылды

"Бұл – бұрын-соңды табылған қасқыр мумияларының ішінде ең ежелгісі әрі жақсы сақталып қалғаны. Мәйіт 100 пайызға жуық сақталып қалған, тек көзі ғана жоқ", – дейді ғылыми жұмыстың авторы Джули Мичен.
Бөлтірік апанның қабырғасы құлап соның астында қалып қалған көрінеді. Содан тоңның түбінде қалып, қасқырдың мәйітін басқа жыртқыштар байқамаған.
Күшік небары жеті апталық, асқазанынан табылған заттардан қасқырдың балықпен, әсіресе, арқан балықпен қоректенгені белгілі болды.
Ғалымдар геномын тексере келе оның Сібір мен Аляскада мекендеген қасқырлардың арғы атасы екені анықталды.