Жапонияның SMBC банкі «Даму» Қорының жеңілдікті несиесіне кепіл болды

2020 жылы Toyota Финанс 2 млрд теңгені игерді, ал 2021 жылғы 1 ақпандағы деректер бойынша микроқаржы ұйымы жалпы сомасы 3,1 млрд теңгеге 247 микро және шағын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған.
«Біз компаниямыздың тұрақты дамуына және клиенттерімізге кең ауқымды қызмет көрсету үшін халықаралық мәмілелер жасаймыз. Жапондық Sumitomo Mitsui Banking Corporation Brussel Branch банкіне жүгіну біздің өнімдерімізді барынша арзандатуға және оларды қазақстандағы микробизнес үшін барынша қолжетімді етуге деген ниетімізді көрсетеді», – деді Tайота Финанс Президенті Жеңісбек Досымханов.
«Біз микроқаржы ұйымдарымен қоян-қолтық жұмыс істеуге ұмтыламыз. Біз үшін олардың тұрақтылығы, яғни, қаржылы болуы, микро- шағын бизнесті қолдауы үшін дамуы маңызды. Біз олардың қазақстандық микробизнестің қаржыға қол жеткізуінбарынша жеңілдету және арзандату жолындағы ниетін барынша қолдаймыз», – деді «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.
Орайы келіп тұрғанда Sumitomo Mitsui BankingCorporation – рейтингтері: Moody's «A1», S&Pбойынша «А» және Fitch «А» деігейінде екендігін атап өткен жөн.
SMBC 2001 жылы Sumitomo мен Mitsuiбанктерінің бірігуі нәтижесінде құрылды, олардың тарихы төрт ғасырдан асады.
Sumitomo Mitsui Banking Corporation (SMBC) штаб-пәтері Токиода орналасқан, активтері бойыншаәлемдегі ең ірі 25 банктің қатарына кіретін (2,13 трлндоллар) Sumitomo Mitsui Financial Group (SMFG) банк холдингінің негізгі мүшесі.
Group Еуропа, Таяу Шығыс және Африканың (EMEA) 20 қаласында кеңселері бар, оның ішіндеЛондондағы өңірлік штаб-пәтері бар. Бұл жолғықазақстандық мәмілеге Брюссель филиалы қатысты.
Ал ТОО МФО «Тойота Файнаншл СервисезКазахстан» (Tойота Финанс)
Toyota Motor Corporation әлемдік автоөндірушініңқаржылық еншілес компаниясы. Toyota Финанстыңнегізгі мақсаты – Toyota және Lexus брендтерініңклиенттеріне қолжетімді және ыңғайлы микронесиеберу бағдарламалары арқылы автомобильдер сатыпалу мүмкіндігін беру.
egemen.kz