Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Роналду әлем рекордын жаңартты

Роналду әлем рекордын жаңартты

Футболдан Португалия құрамасы мен "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты.
Роналду XXI ғасырда мыңнан аса матчта алаңға шыққан алғашқы футболшы атанды. Ол мансабында 1047 ойынға қатысқан. 

Екінші орынға Испания құрамасы мен "Реалдың" қақпасын қорғаған Икер Касильяс жайғасты. Ол ХХІ ғасырда 974 матч өткізсе, өткен ғасырда 74 матчта алаңға шығып үлгерген. 

Көп матч өткізген футболшылардың үштігін "Сан-Паулудың" жейдесінде доп теуіп жүрген Дани Алвес түйіндеді. Ол 969 матчта алаңға шыққан. 

ХХІ ғасырда ең көп ойын өткізген футболшылар:

1. Роналду - 1047 матч
2. Касильяс - 974 матч
3. Дани Алвес - 969 матч
4. Хави - 937
5. Ясухито Эндо - 909
6. Златан Ибрагимович - 907
7. Рожерио Сени - 904
8. Лионель Месси - 902
9. Джанлуиджи Буффон - 852
10. Хавьер Дзанетти - 717

massaget.kz

25 ақпан 2021 ж. 135 0