Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,3 миллионнан асты
Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 113 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 27 ақпан сағат 08.22-дегі мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 113 млн 389 мың 116 адамнан анықталды. Оның ішінде қайтыс болды – 2 млн 517 мың 062 науқас.
Коронавирус ең көп анықталған 15 мемлекет:
АҚШ - 28 484 429
Үндістан – 11 063 491
Бразилия – 10 455 630
Ресей – 4 175 757
Ұлыбритания –4 175 315
Франция – 3 746 707
Испания – 3 188 553
Италия – 2 888 923
Түркия - 2 683 971
Германия - 2 436 506
Колумбия – 2 244 792
Аргентина – 2 098 728
Мексика – 2 069 370
Польша - 1 684 788
Иран – 1 615 184
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет, 26 ақпан күні орталық еуропалық уақыт бойынша сағат 15.39-да жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 112 млн 649 мың 371 адамды құрайды. Қайтыс болды – 2 млн 501 мың 229 науқас.
Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет барлығы 202 573 адамнан анықталды. Оның ішінде 185 мың 205-і жазылып шықса, 2540 науқас қайтыс болды.