Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды
Армения парламенті былтыр қыркүйек айында Таулы Карабахтағы қақтығысқа байланысты енгізілген әскери жағдайды алып тастады. Әскери режимді тоқтатуды қолдап 118 депутат дауыс берген. Заң жобасын парламентке екі оппозициялық фракция ұсынған.
Айта кетейік, Арменияда оппозиция әскери режимді тоқтатуды қарашаның 10-ынан бері үш рет ұсынған. Алайда үкімет мұндай шешімнен бас тартып келген.
24.kz/kz