Қазақстан мен Түркия арасында автокөлік тасымалы жанданып келеді

Бұл ретте транзиттік-көліктік ынтымақтастықтың серпінді дамуының ажырамас шарттарының бірі - отандық тасымалдаушылардың жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік тасымалдаушылармен тең құқықтық тепе-теңдік деңгейін қамтамасыз ету.
Тасымалдаулар саласында тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыл сайын Тараптар арасында рұқсат бланкілерімен алмасудың өзара келісілген квотасы белгіленеді.
2021 жылға Тараптар арасында тағайындау түрлері бойынша рұқсаттама бланкілерімен алмасу квотасы белгіленген: Қазақстан үшін – 11 000 бланк, Түркия үшін – 12 500 бланк.
Осы квотадан 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандық тасымалдаушылар үшінші елдерге/елдерден 2137 әмбебап, 3 транзиттік және 1602 рұқсатты пайдаланды.
Түрік тасымалдаушылары үшінші елдерге/елдерден 2787 әмбебап, 5655 транзиттік және 102 рұқсатты пайдаланды.
2021 жылғы маусымда Қазақстан мен Түркияның автотасымалдаушылар қауымдастықтары арасында келіссөздер, сондай-ақ Автокөлік жөніндегі аралас Қазақстан-Түркия комиссиясының кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр. Оның барысында бауырлас екі ел арасындағы өзара тиімді тасымалдарды жүзеге асыру үшін тиісті шешімдер қабылданады.
egemen.kz